«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық кәсіпкерлерге несие мен субсидия алу жолдарын «Атамекен» палатасы түсіндірді

2025 жылғы 18 Тамыз
- Павлодар облысы
1159 просмотров

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы бизнес мәселелері, субсидиялау және несиелеу бағдарламалары бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің көшпелі отырысын Ақсу қаласында ұйымдастырды.

Кездесуге кәсіпкерлер, аграршылар, Павлодар облысы бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл – ӨКП директорының орынбасары Мади Сыздыков, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Нурлан Набиев, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары – облыстың барлық қала және аудан өкілдері қатысты.

Несие мәселелерін түсіндіру үшін Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы бизнес-қоғамдастықты, сондай-ақ «Павлодар» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ сияқты қаржы институттарының өкілдерін, сондай-ақ Ақсу қаласының прокуратурасын, қала әкімдігін, «Атамекен» ӨКП-ның қалалық және аудандық филиал директорларын шақырды.

Қаржы институттарының басшылары мен мамандары өз бағдарламаларын таныстырып, кәсіпкерлерге қаржы алудың мүмкіндіктері туралы түсіндірме берді.

«Қазіргі уақытта аграрлық мәселелерге, жер қатынастарына және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыруға ерекше көңіл бөлінуде. Бизнеске мемлекет тарапынан, екінші деңгейлі банктерден, қаржы институттарынан қолдау алу мүмкіндігі қолжетімді болуы және толыққанды дамуына жағдай жасалуы маңызды», – деді Мади Сыздыков.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174