KazBrand: қазақстандық бизнес үлкен деңгейге шығуда
Қазақстанда алғаш рет ұлттық реалити-байқау басталды. Бұл жоба жай ғана идея емес, жергілікті жобаларды толық дайын франшиза пакетімен масштабтауға мүмкіндік беретін брендтерге айналдырады. Ұйымдастырушы – ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Respublica» партиясының қолдауымен Орталық Азия Франчайзинг Ассоциациясы.
2025 жылдың 14 тамызында KazBrand – ұлттық реалити-байқауы басталды. Бұл байқау еліміздің кез келген өңіріндегі кәсіпкерлерге өз бизнесін франшизаға айналдыруға, серіктестер тартуға және жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Финалистер дайын франшиза ғана емес, бір жыл бойы үздік мамандардың сүйемелдеуін алады. Көрермендер болса, бизнестің қалай өзгеретінін өз көзімен көреді.
Жобаның басты қозғаушы күші – Гүлбану Майгарина: спикер, франчайзинг саласының сарапшысы, Lanzhou жылдам тамақтану желісінің негізін қалаушы, ҚР Қоғамдық тамақтану қауымдастығының кеңесшісі және Орталық Азия Франчайзинг Ассоциациясының төрағасы. Ол жылдар бойы ондаған компанияның франшиза нарығына шығып, табысын арттыруына көмектескен.
«Қазақстанда әлеуеті зор бизнес көп, бірақ көпшілігі бір қаланың шеңберінен шығуға жүйе мен батылдық таппай жатады. Менің мақсатым – масштабтаудың тез, дұрыс және ең аз тәуекелмен мүмкін екенін көрсету», – дейді Гүлбану Майгарина.
KazBrand – бұл бизнес-марафон, мұнда жалықтыратын лекциялар емес, нақты талдаулар, жеке кеңестер және тәжірибелік тапсырмалар күтіп тұр. Байқау тіркеу мен онлайн-кездесулерден бастап, финалистерді іріктеу және финалды онлайн-презентациялар форматында 2025 жылдың 14 тамызынан 3 қарашасына дейін өтеді.
Жеңімпаздарды не күтуде:
- Франшизаны толық әзірлеу (7 млн ₸-ден бастап — жеңімпаздар үшін тегін);
- Бір жыл бойы үздік мамандардың сүйемелдеуі;
- Даму стратегиясы және франшиза сатуға қолдау;
- Маркетинг, заңгерлік сүйемелдеу және тауар таңбасын тіркеу.
KazBrand – сіздің бизнесіңізді өзгерте алатын байқау! Қатысу тегін (https://kazbrand1.bitrix24.site/crm_form_s4sup/).
Байланыс телефоны:
+7 771 700 54 77,
+7 700 711 72 72
Пікір қалдыру:
Пікірлер: