«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің төрағасы Сәкен Карин бизнес-омбудсменмен жүйелі салық мәселелерін талқылады

2025 жылғы 05 Тамыз
1876 просмотров

2025 жылғы 1 тамызда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа мүшесі – Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің төрағасы Сәкен Әбуханұлы Карин Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Ілияұлы Нұровпен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесудің күн тәртібінде – еліміздегі кәсіпкерлер жиі ұшырасатын салық заңнамасы, салық салу және салықтық әкімшілендіру салаларындағы өткір әрі жүйелі мәселелер болды. Негізгі тақырыптар қатарында камералдық бақылау жүйесінің ашық еместігі, ҚҚС қайтарудан формалды түрде бас тарту, салық органдары тарапынан жүйелі заңсыз талаптар, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелеріндегі техникалық ақаулар мен ашықтықтың болмауы және әкімшілік дауларды қараудағы формализм мәселелері қаралды.

Сәкен Карин Уәкілге кәсіпкерлер мен салық кеңесшілерінің өтініштері мен сот-әкімшілік практикасын талдау негізінде әзірленген өзекті мәселелер тізбесін ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша бизнес-омбудсмен бірқатар проблемалық мәселелерді қарауға жәрдем көрсетуге, сондай-ақ құзыретті мемлекеттік органдарға жүгіну мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін білдірді.

Кездесу конструктивті сипатта өтіп, кәсіпкерлер мен бизнес-омбудсмен институты арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174