«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылордада «Кәсіби маман – 2025» байқауының аймақтық кезеңі өз мәресіне жетті

2025 жылғы 04 Шілде
- Қызылорда облысы
197 просмотров

Қызылорда облысында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен «Кәсіби маман» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі сәтті аяқталды.

Байқауға дуальді оқыту жүйесі бойынша 8 әлеуметтік серіктес, 10 өндірістік тәлімгер және 12 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы қатысуға ниет білдіріп, өз өтінімдерін ұсынды. Арнайы құрылған комиссия барлық құжаттарды мұқият сараптап, үздіктерді анықтады.

Комиссия шешімімен келесі қатысушылар жүлделі атанды:

  • «Үздік кәсіпорын – кадрлар даярлауға қатысушы – 2025» номинациясы бойынша — «Волковгеология» АҚ-ның «№23 Геологиялық барлау экспедициясы»;
  • «Өндірістегі үздік тәлімгер – 2025» атағы — «Арал» мүгедектігі бар адамдарды қолдау қоғамдық бірлестігінің директоры Жұмашева Индира Жайылғанқызына;
  • «Жұмысшы кадрларды даярлаудағы үздік колледж – 2025» марапаты — «Абылай хан» атындағы жоғары колледжіне бұйырды.

 «Комиссия құрамына мемлекеттік органдар мен өңіріміздегі ірі кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері енді. Әр номинация нақты критерийлер негізінде бағаланып, лайықтылар анықталды. Енді жеңімпаздар республикалық кезеңде өз шеберліктерін көрсететін болады. Біз оларды барынша қолдап, сәттілік тілейміз», – деді өңірлік кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Гүлмира Альназарова.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі «Қазақстанның үздік тауары – 2025» өңірлік көрме-байқауы аясында өтті. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен статуэткалар табысталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер