«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы журналистерге алғыс айтты

2025 жылғы 23 Маусым
- Түркістан облысы
141 просмотров

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев өңірдегі БАҚ өкілдеріне Палатаның жұмысын насихаттап, кәсіпкерлік тақырыптарын көтерудегі қолдаулары үшін алғыс білдірді.

Жиын барысында бизнестегі жетістіктер мен өзекті мәселелерді жария етіп жүрген телеарна, газет және онлайн басылым журналистері Алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ кәсіпкерлік саласына қосқан үлесі үшін бірқатар журналистерге «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталов атынан Алғыс хат табысталды.

– Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Кәсіпкерлік тақырыптарын әділ әрі ашық түрде көтеріп, Палатаның қызметін халыққа жеткізудегі белсенділіктеріңізге ризашылығымды білдіремін. Сіздердің жоғары кәсібиліктеріңіз бизнестегі бастамалардың ілгерілеуіне зор ықпал етіп келеді. Шығармашылық табыс, жаңа идеялар мен мықты денсаулық тілеймін, – деді Асылан Ибадуллаев шара барысында.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер