«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құрылыс және заң: ASTANABUILD 2025 көрмесінде негізгі салалық мәселелер талқыланды

2025 жылғы 29 Мамыр
1410 просмотров

Астанада ASTANABUILD 2025 халықаралық құрылыс және интерьер көрмесінің мерейтойлық көрмесі өтуде.

Шараға Қазақстан, Германия, Испания, Италия, Қытай, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Оңтүстік Кореядан келген 99 компания қатысты. Осы жылы Германия, Ресей және Қытай павильондары бірлесе ұйымдастырған стенд ерекше қызығушылық тудырды. Германия алғаш рет өз ұлттық стендін орналастырды.

Іс-шара барысында сала сарапшылары мен компания өкілдері құрылыс, сәулет, инженерлік жүйелер және саланың цифрлық трансформациясы салаларындағы жаңа технологиялар мен инновациялық жаңалықтарды талқылап, тәжірибе алмасып, іскерлік байланыстар орнатты.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық комитетінің құрамына кіретін Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы ұйымдастырған талқылау негізгі сессияның біріне айналды. Пікір алмасу барысында құрылыс саласындағы өзекті мәселелер мен заңнамалық сұрақтар көтерілді. Оған «Атамекен» ҰКП Басқарушы директоры – Құрылыс және жер қатынастары департаментінің директоры Данияр Молкенов те қосылды.

«Бүгінгі таңда жаңартылып жатқан Құрылыс кодексі бойынша қызу талқылаулар жүріп жатыр. Біз салалық қауымдастықтармен кодекс әзірлеуге қатысып, оның жобасына 180-нен астам түзетулер ұсындық. Қазіргі таңда құжат Парламент қарауында. Ең көп пікірталас тудырған түзетулердің бірі — құрылысқа кепілдік мерзімін екі жылдан бес жылға дейін ұзарту. Бизнестің ұстанымы – норманың ықтимал салдарын мұқият бағалау қажет. Себебі кепілдік мерзімінің артуы жұмыс құны мен құрылыстар бағасына әсер етуі мүмкін», — деді Данияр Молкенов.

Сонымен қатар, ол тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, республикалық маңызы бар қалаларды дамытуға арналған заң жобаларына тоқталды. Бұл құжаттар тұрғын үй-коммуналдық жаңғыртуға бағытталған. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу, жаңа цифрлық технологиялардың аз пайдалануы, салалық стратегияның болмағаны және басқа да құрылыс саласындағы мәселелерге назар аударды.

Өзгерістерді енгізуге дейін олардың салалық ерекшеліктері мен туғызатын әсерін ескеріп, қосымша талдауды қажет етеді.

Данияр Молкенов мемлекеттік органдарды заң шығару барысында нарықтың қазіргі жағдайын ескеруді және диалогты жалғастыруға шақырды. Құрылыс саласының тұрақты дамуын біртұтас еңбек қана қамтамасыз ете алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер