«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

"Атамекен" Павлодар Палатасы оқушылардың кәсіпорын басшыларымен кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізеді

2025 жылғы 29 Мамыр
- Павлодар облысы
961 просмотров

Кәсіптік бағдар беру кездесулерін Павлодар облыстық Кәсіпкерлер палатасы 2025 жылдың басынан бастап жүйелі түрде өткізіп келеді. Бұл кездесулердің мақсаты – жастарды әртүрлі салалардағы нақты жұмыс тәжірибесімен және кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктерімен таныстыру.

Студенттер мен мектептердің жоғары сынып оқушылары жұмыс берушілермен, әртүрлі кәсіпорындардың басшыларымен жүздесіп, компаниялардың құрылу тарихы, өндіріс ерекшеліктері мен саладағы жұмыс жайында тың ақпарат алады.

Бұл жолғы кездесу ҰКП «Атамекен» директоры Ерқанат Әбеновпен өтті. Ол Палатаның жұмысы қалай ұйымдастырылғанын, кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы қызметтерді, сондай-ақ көрсетілетін қолдау түрлерін баяндап берді. Сонымен қатар, өз өмір жолына да тоқталып, мамандық таңдау, білім алу және кәсіби даму барысындағы тәжірибесімен бөлісті, жастарға бірқатар пайдалы кеңестер айтылды.

Торайғыров университетінің жоғары колледжінің студенттері Палата көмегімен шетелдік тәжірибеден өту мүмкіндігі, нағыз кәсіпкер болу үшін қандай білім қажет деген сұрақтар қойды. Мұндай кәсіби бағдарлау кездесулерінен кейін «Атамекен» өңірлік палатасына оқушыларға пайдалы ақпарат пен өз жолын табуға деген мотивация сыйлағаны үшін алғыс сөздер мен жылы лебіздер түсіп отырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер