Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері студенттерге темір-бетон зауытына экскурсия ұйымдастырды
«Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы Жезқазған қалалық колледждерінің студенттеріне «Самға» ТОО-ның темір-бетон зауытына экскурсия ұйымдастырды.
Зауыт – Жезқазған өңірі кәсіпкерлері мен өнеркәсіпшілері қауымдастығының мүшесі болып табылады. Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің Құрылыс мамандығының 3-4 курс студенттері темір-бетон зауытына үлкен қызығушылық танытып, өндіріс процесіне қатысты бірнеше сұрақтар қойды. Олар зауытта қолданылатын технологиялар, бетон өнімдерінің қалай дайындалатыны, қауіпсіздік шаралары және мамандардың жұмысы туралы білуге ынта танытты
Жастар мен тәлімгерлерге арналған экскурсияны директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Әмірбек Қозыбаев жүргізді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: