«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада ашық есік күні өтті: кәсіпкерлерге мемлекеттік қызметтер мен цифрлық мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді

2025 жылғы 26 Мамыр
- Астана қаласы
789 просмотров

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасында бизнес субъектілеріне мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелеріне арналған ашық есік күні өтті. Іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлердің қолжетімді сервистер мен цифрлық құралдар туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту тетіктерін талқылау болды.

Кездесу барысында мемлекеттік органдардың өкілдері қызмет көрсету тәртібі, регламенттік рәсімдер және бизнеске қолжетімді цифрлық мүмкіндіктер туралы өзекті ақпаратпен бөлісті. Мәселен, салық қызметінің өкілдері қызмет көрсету саласындағы цифрландыру мен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша қолға алынған шаралар туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік қауымдастықпен өзара іс-қимылды жетілдіру жолдары жөнінде баяндады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері мемлекеттік қызметтерді ұсынудың стандартты рәсімдерін түсіндіріп, өтініш беру тәртібі, мерзімдері және қызметтерді алу арналарына назар аударды. Халық пен бизнеске қызмет көрсететін мемлекеттік корпорация қатысушыларды онлайн форматта қолжетімді цифрлық платформалар мен мүмкіндіктермен таныстырды.

Іс-шара қатысушылары мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша түсініктемелер алып, өзекті проблемаларды талқылады және мемлекеттік құрылымдармен өзара әрекеттесуді оңтайландыру жолдарын ұсынды. Мұндай кездесулер әкімшілік кедергілерді азайтуға, кәсіпкерлер арасындағы цифрлық сауаттылықты арттыруға ықпал етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер