«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кеден одағы құрылғалы экспорт көлемі 63 пайызға өскен

2014 жылғы 19 Мамыр
3746 просмотров

Өткен жылы елімізге шетелден тартылған инвестиция көлемі 180 млрд. АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды 24kz.

Қаржының басым бөлігі тау-кен, химия өнеркәсібі, машина жасау және фармацевтика салаларына құйылған. Осы бағытта Нидерланд, Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Италия сынды елдермен тығыз байланыс орнатылды. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директоры Руслан Сұлтанов мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы жылдары еліміздің тауар айналымы да оң нәтиже беруде. Өткен жылы бұл көрсеткіш 132 млрд. АҚШ долларын құрады. Әсіресе Кедендік одақ елдерімен тауар айналымы жоғары. Ел экспортының басым бөлігін, яғни 40,4 пайызын минералды азық-түлік құрайды. Ал автокөлік жасау саласы 23 пайыз болса, химия өндірісінің өнімдері 11,8 пайызды құрайды.

Руслан Сұлтанов, ҚР ЭБЖМ «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директоры:

- Кеден одағы құрылғалы экспорттың көлемі 63 пайызға өсті. Дайын өнімнің сыртқа шығуы артты. Олардың қатарында автокөлік пен түрлі құрылғылар, азық-түлік тауарлары және ауылшаруашылық шикізатының үлесі артты. Сонымен қатар тас көмір, газ, мұнай үлесінің көбейгені байқалады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер