«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

#ҚазақстандаЖасалған: ҰКП мен TikTok қазақстандық бизнесті халықаралық деңгейде танымал етуге ниетті

2025 жылғы 15 Мамыр
777 просмотров

Бүгін Астанада «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен халықаралық TikTok платформасының өкілдері кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы шағын және орта бизнесті (ШОБ) ілгерілетуге бағытталған болашақ серіктестіктің жаңа бағыттарын айқындады.

ҰКП Басқарма төрағасы Райымбек Баталов бизнес қауымдастық пен заманауи цифрлық платформаларды біріктіретін осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтті:

«TikTok сияқты платформа мен бизнестің коллаборациясы ШОБ тұрақтылығын арттыруда тиімділігін дәлелдеді. Мұндай іс-әрекет қандай нәтижелерге әкелетінін барлық кәсіпкерлік сегментіне нақты мысалдар арқылы көрсеткіміз келеді. Бұл бизнес қауымдастық пен мемлекеттік құрылымдарды «цифрлық» құралдарды белсенді пайдалануға ынталандырады. Мен бизнес, мемлекет және цифрлық құралдардың синергиясында үлкен әлеует бар екеніне сенімдімін» - деді Баталов.

ҰКП мен TikTok арасындағы табысты ынтымақтастықтың алғашқы әрі жарқын мысалдарының бірі #ҚазақстандаЖасалған байқауы болды. Бұл жобаның мақсаты – микро және шағын бизнесті дамытуға ынталандыру, жергілікті брендтердің танымалдығын арттыру, сондай-ақ кәсіпкерлерді цифрлық экожүйеге тарту.

2024 жылғы 9 желтоқсаннан 2025 жылғы 21 ақпанға дейін өткен байқау аясында БАҚ-та шамамен 100 материал жарияланып, әлеуметтік желілердегі қаралым саны 107 мыңнан асты. Сонымен қатар, кәсіпкерлер арасында TikTok платформасының олардың бизнесіне әсері туралы сауалнама жүргізілді.

«Байқауды өткізуге атсалысқандарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді. Бұл байқау зор маңызға ие болды. Бүгін біз оны тұрақты етуді қарастырып жатырмыз. Бұл ұлттық өнімді тек ел ішінде ғана емес, 1,5 миллиард адамдық халықаралық аудиторияға да ілгерілетудің жарқын мысалы», - деді TikTok-тың Шығыс Еуропадағы мемлекеттік органдармен және корпоративтік мәселелер жөніндегі директоры Сергей Соколов.  

Кездесу барысында TikTok-тың Қазақстандағы жаңа өкілі Михаил Якушевті таныстырды. Ол өз кезегінде платформаның Қазақстанның цифрлық кеңістігін дамытуға белсенді қатысу ниетін білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер