«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан Үкіметі 2-бесжылдық жобасын мақұлдады

2014 жылғы 18 Мамыр
4306 просмотров

"Қазақстан Үкіметі мемлекеттің 2015-2019 жылдарға арналған индустриальды-инновациялық даму жобасын мақұлдады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте үкімет отырысынның қортынды отырысында вице-премьер-ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үкімет бағдарлама жобасын мақұлдады және жақын арада Мемлекет басшысы әкімшілігіне келісуге жіберіледі. Үкімет бекіткен соң шараны атқару жоспары құрылады" деп мәлімдеді Исекешев. Оның сөзіне қарағанда, индустриализациялаудың 2-бесжылдық жоспары үкіметтің жаңа структуралық саясаты шеңберінде жүзеге асырылады, нақты айтқанда, төрт негізгі сектор дамытылады.

"Бірінші топ-бұл макроэкономикалық тұрақтылықты және қаржылық базаның өсуін қамтамасыз ететін шикізат секторы. Екінші-бұл даму сапасын арттыратын өңдеу өнеркәсібі. Үшінші-бұл болашақты бәсекелестікті қамтамасыз ететін болашақ экономикалық, инновациялық сектор. Төртінші-бұл адамдарды жұмыспен қамту, өнімділікті және басқа де процестерді арттыру. Аталған төрт сектор базалық тұрақты өсімді құрайтын болады" деді Исекешев.

Бағдарламаның бір ерекшелігі-салалық бағдарламаларды жою. "Бұл бесжылдықта кәсіпкерліктің белсенді қатысуын, нақты айтқанда, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуын атап өтуге болады. Кәсіпкерлердің белсенді қатысуы және жеке инвестиция тартудың кластерлік тәсілі қарастырылуда" деді министр.

Сонымен қоса, оның сөзіне қарағанда, елімізде премьер-министр басқаратын екінші бесжылдық жоспарын үйлестіруші арнайы орган құрылған. "Бұл барлық жұмысты үйлестіруші орган болады. Айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық негізде бақылап отыратын тиімділік көрсеткіші болатын индекатор енгізілген. Үйлестіру комиссиясы барлық мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, әкімдіктердің жұмысын мұқият сараптап, тиісті шаралар қолданатын болады" деп мәлімдеді Исекешев.

Брифинг барысында "Байтерек" ұлттық басқарушы холдинг" АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишимбаев "Мемлекеттік индустриальды-инновациялық даму бағдарламасы аясында отандық кәсіпкерлер банктерден ұлттық валютамен несие рәсімдей алады" деп мәлімдеді.

"Банктердің дамуы мен несиелік қызметін жақсарту мақсатында үкімет бесжылдық шеңберінде оларға қаржылай көмектесу, ақша беру және өзге де сыртқы қарыз мәселелері бойынша қолдау көрсететін болады. Бұл кісіпкерлерді валюталық тәуекелдерден қорғайды. Бұл орнықты және тұрақты жұмысты қамтамасыз ететін болады" деп мәлімдеді Бишимбаев. Сондай-ақ ол несие мерзімі жеті жылдан 10 жылға дейін болатынын жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер