«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның үздік тауары көрмесінің мүмкіндіктері туралы

2025 жылғы 28 Сәуір
- Ұлытау облысы
153 просмотров

Бүгін Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында өңдеу өнеркәсібі салалық кеңесінің отырысы өтті.  

Күн тәртібінде отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары мен «Қазақстанның үздік тауары» ұлттық көрмесіне қатысу мәселелері қаралды. РПП мүшелерімен байланыс жөніндегі маман Мақпал Бимағамбетова қатысушыларға «Қазақстанның үздік тауары» көрмесіне және «Алтын сапа» сыйлығына қатысу шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл іс-шаралар өндірушілерге өз өнімдерін таныстыруға, тұтынушылар базасын кеңейтуге және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға бірегей мүмкіндік береді. 
Жиын барысында өңдеу өнеркәсібі кеңесінің мүшелері жергілікті тауар өндірушілерді қолдау бағытында бастамалар мен ұсыныстарын ортаға салды.  Көрменің сәтті өтуі өңдеу өнеркәсібінің дамуына және жалпы облыс экономикасының өсуіне оң әсерін тигізеді деп күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер