«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

WorldSkills: Жастардың кәсіптік шеберлігін шыңдайтын алаң

2025 жылғы 24 Сәуір
- Түркістан облысы
130 просмотров

WorldSkills — бұл кәсіби дағдылар бойынша әлемдік және ұлттық чемпионаттар ұйымдастыратын, сонымен қатар әртүрлі елдерде жыл сайын конференциялар өткізетін халықаралық қайырымдылық ұйымы. Ол өзін кәсіптік дағдылардың жаһандық орталығы ретінде танытады және жастарды заманауи нарық талаптарына сай маман болып қалыптасуға ынталандырады.

Биылғы чемпионат бұрынғыдан да ауқымды деңгейде өтіп жатыр. 36 құзыреттілік бойынша сайыстар 11 колледж базасында ұйымдастырылған. Жарысқа еліміздің 40 колледжінен 317 студент қатысып, өздерінің кәсіби дағдыларын паш етуде.

Айта кетерлігі, биылғы чемпионат аясында ресми 29 құзыреттілікке қосымша ретінде агрономия, ветеринария, флористика, автоэлектрик, бейне өндірісі және компьютер ойындарына арналған 3D модельдеу сияқты заманауи бағыттар енгізілді. Бұл — еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтарды дамытуға бағытталған маңызды қадам.

WorldSkills чемпионаты — жастардың тек бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, олардың кәсіптік бағыттағы мүмкіндіктерін кеңейтіп, еліміздің адами капиталын нығайтатын маңызды платформа болып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер