«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандағы Ұлыбритания және Франция елшіліктерінің өкілдері Солтүстік Қазақстан облысындағы Кәсіпкерлер палатасында болып қайтты

2014 жылғы 16 Мамыр
8365 просмотров

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасына Ұлыбритания Елшілігінің екінші хатшысы Стивен Фримэн және Франция Елшілігінің атташесі Адам Кулаксезиан ресми сапармен болып қайтты. Сапар мақсаты өңірмен, экономикалық жағдаймен және ӨКП жұмысымен танысу болды.

«Кездесуді Кәсіпкерлер палатасымен өткізу шешілді, себебі сіздер осы саладағы сарапшылар болып табыласыздар. Осы кездесудің кезінде Петропавл мен Солтүстік Қазақстан облысындағы жалпы экономикалық жағдайды талқылауды жөн көреміз», - деп атап өтті СҚО КП өкілдеріне қаратып Стивен Фримэн.

Қонақтарды сауданың даму келешегі, әсіресе, шекара маңындағы, Кеден одағы аясындағы сауданың дамуы қызықтырды.

Палата директорының міндетін атқарушы Тұрар Искаков біздің облысымыз бен көрші елдер арасындағы белгілі бір сауда-экономикалық байланыстар КО құрылғанға дейін де болғанын, бірақ оның тұрақты дамуына кейбір кедендік кедергілердің бөгет болғанын атап өтті.

«Сәйкесінше Кеден Одағын құру туралы шартқа қол қою осындай әрекеттестіктердің жүйесін жеңілдетіп, өндірістік, кооперациялық байланыстардың мөлшері артып келеді. Тауарлардың өтуі, капиталдың, жұмыс күшінің қайта құйылуы біздің өңіріміз үшін жағымды роль ойнайды. Біздің Ресей Федерациясымен шекарамыздың айтарлықтай ұзақтығын ескере отырсақ, іс-әрекеттерін жүзеге асырушы кәсіпорындардың әрекеттестігі де кеңейе түсуде. Бұл өнімді жеткізумен, құрамдастарды алумен және капиталдардың қайта құйылуымен де байланысты», - деді өз сөзінде Т.Искаков.

Франция Елшілігінің өкілі Адам Кулаксезианды қызықтырғаны мәселенің кері жағы болды.

«Сіздер Кеден Одағын сауда теңгеріміне қауіп деп қарастырмайсыздар ма, себебі кедендік кедергілер жоқ болса, онда ресейлік тауарлар Қазақстан нарығына еркін және көп мөлшерде түсе алады ғой, және де сәйкесінше сауда теңгерімін бұзып жіберуі де мүмкін», - деген сауал тастады қонақ.

Оған Палата өкілінің берген жауабы: «Әрине, мұндай сауал Қазақстанның ғана емес, Беларусьтің де көкейінде жүр, сәйкесінше одақ аясындағы проблемалардың бірі тауарларды жеткізуге арналған нарықтың қолжетімділігіне байланысты. Бұл бағытта, өзіңіз біліп отырғандай, Үкімет белгілі бір шаралар қолдануда, Қазақстан Республикасының бизнес-қоғамдастығы да сырт қалып жатқан жоқ. Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы шарт жобасын талқылауға белсене ат салысты, соның ішінде қазақстандық бизнес пікір білдірген көптеген ұстанымдарға да қатысты», - деп атап кетті СҚО КП директорының м.а.

Жоғары шенді қонақтар жаңа органның жұмысына жағымды баға берді.

«Иә, бұл өте қызық жәйт, себебі біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жасақталғанын және оның ең жоғарғы республикалық деңгейде жұмыс жасап жатқанын білеміз және консалтинг ұсынушы адамдардан ақпарат аламыз. Олардың айтуынша, кәсіпкерлер палатасы барлық проблемаларды жеткізетін және қазақстандық бизнестің мүддесін республикада ғана емес, Еуразиялық одақтың да көлемінде алып жүретін органға айналып барады», - деген ой білдірді Стивен Фримэн.

Сондай-ақ қонақтарды қызықтырғаны, КО құрылуымен барлық кедендік кедергілер алынып тасталды ма, сауда ендігі жерде қалай реттеледі, қандай да бір тексерістен өткізу үшін жүкті тоқтатады ма, Солтүстік Қазақстан облысы КО-дан қандай басымдылықтар алды.

Елшіліктердің өкілдеріне барлық даулы мәселелерді КО тараптары шешетіндігін, сауданың еркін жүріп жатқандығын, оның мониторингін салық органы жүргізіп жатқандығын, жүкті тексеру тек шекаралық бақылау аясында ғана жүзеге асырылып жатқанын түсіндірді.

Жағымды сәттерге келер болсақ, Кеден одағы құрылған соң Солтүстік Қазақстандағы кәсіпорындар үшін Ресей Федерациясына тағамдық өнімдерді, соның ішінде сүт өнімдерін экспорттау мүмкіндігі пайда болды, бұрындары мұндай мүмкіншіліктер алынып тасталған болатын. Бұрындары экспортталған тауарлардың көлемінің көбеюі бойынша мүмкіндіктер айтарлықтай көтерілді, Солтүстік Қазақстандық тауар өндірушілер РФ-ға астық, шағыл, құрылыс тасын, машина жасау өнімдерін жеткізу көлемдерінің мөлшерін көбейтпекші.

Сондай-ақ сапар барысында тараптар инвестиция тарту саласындағы әріптестік, бірлескен кәсіпорындар құру мәселелерін талқыға салды. Ұлыбритания және Францияның елшіліктерінің өкілдері шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына, осы бағыттағы палата жұмысына, өңірдің бизнес-қоғамдастығының ниетімен, сондай-ақ ӨКП-ның елдегі кәсіпкерлермен әріптестікті дамытуына қызығушылық білдірді.

Кездесуге қатысушылар кәсіпкерлік мәселелеріндегі даму және тәжірибені бөлісу жағынан ғана емес, сондай-ақ білім беру, бизнес пен мемлекеттің өзара әріптестігі саласында да серіктестікке ниет білдіріп, өзара байланыс мәліметтерімен алмасып жатты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер