«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астаналық Кәсіпкерлер палатасында вермикомпосттарды стандарттау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті

2025 жылғы 24 Ақпан
- Астана қаласы
334 просмотров

Елорда кәсіпкерлер палатасында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің қатысуымен «Органикалық тыңайтқыштар. Вермикомпосттар. Техникалық талаптар» мемлекеттік стандартының (СТ РК) жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Вермикомпосттау – органикалық қалдықтарды қайта өңдеудің экологиялық таза әдісі, ол жоғары сапалы тыңайтқыштар алуға мүмкіндік береді. Алайда бұл бағыттың тиімді дамуы үшін кәсіпкерлер өнімді сертификаттау және стандарттау мәселелерімен бетпе-бет келеді. Осыған байланысты бизнес сұранысына сәйкес, РМК «Қазақстан стандарттау және метрология институтының» өкілдері талқылауға қатысып, барлық нормативтік аспектілер бойынша түсініктеме берді.

РМК «Қазақстан стандарттау және метрология институтының» стандарттарды әзірлеу департаментінің басшысы Асқар Сопбеков нормативтік базаға қатысты барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді. Барлық ұсыныстар ескеріліп, отырыстың хаттамасына енгізілді. Бұл дөңгелек үстел бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы диалогқа арналған маңызды алаңға айналып, Қазақстанда органикалық тыңайтқыштар нарығын дамыту үшін стандарттау процесін жеделдетуге және қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер