«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жасыл Еуразия» конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды

2025 жылғы 21 Ақпан
502 просмотров

Еуразиялық экономикалық комиссия III Халықаралық «Жасыл Еуразия»  климаттық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Байқаудың мақсаты – климаттық митигация мен бейімделу бойынша тиімді жұмыстар мен орнықты дамуға бағытталған өзге де климаттық тәжірибелерді қарастыру.

Конкурсқа коммерциялық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер, билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, коммерциялық емес ұйымдар мен бірлестіктер, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің және үшінші елдердің жеке тұлғалары қатыса алады.

Өтінімдер 2025 жылдың 9 наурызына дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысу тегін, әр ұйым түрлі номинация бойынша 5-тен аспайтын жобаға қатысуға өтінім бере алады. Қатысу үшін «Жасыл Еуразия» байқауының сайтына тіркеліп, https://greeneurasia.asi.ru сілтемесі бойынша өтінім беру қажет.

Сараптамалық топ пен конкурс Төралқасы жұмысының қорытындысы бойынша әр номинацияда жеңімпаз (1 орын) және финалистер анықталады (2 және 3 орын).

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер