«#ҚазақстандаЖасалған» TikTok-байқауы: жеңімпаздар анықталды
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «TikTok» қысқа және креативті бейнероликтерінің жетекші платформасымен бірлесіп, #ҚазақстандаЖасалған байқауын өткізді.
Конкурсқа 800-ден астам TikTok пайдаланушысы қатысты. Олар әлеуметтік және экологиялық бастамалар, жастар кәсіпкерлігі мен «Бір ауыл – бір өнім» халықтық жобасы бойынша өз бизнес-жобаларын ұсынды.
Бұл конкурс жаңа кәсіпкерлердің атын танымал етіп, шағын және микробизнесті кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді. TikTok кәсіпкерлерге ауқымды аудиторияға қол жеткізіп, клиенттер мен серіктестер табуға көмектесті.
#ҚазақстандаЖасалған 9-желтоқсанда басталып, өтінімдер 29-желтоқсанға дейін қабылданды. Қатысушылар өз кәсібін қысқа бейнеролик форматында паш етті. Жоба кәсіпкерлерге өздерін танытуға септігін тигізді.
Байқау аясында төрт номинация бойынша жеңімпаздар анықталды:
- Әлеуметтік бизнес. Екатерина Руфф
Автор дамуында ерекшеліктері бар балаларды диагностикалауға және олар үшін жеке бағдарламаларды әзірлеуге бағытталған «Амалия» абилитация орталығы туралы айтып берді.
https://www.tiktok.com/@centr_amaliya/video/7450068789099547910?_r=1&_t=8sLrp84k1va
- Экологиялық бизнес. Бекниязова Нұрқия
Бекниязова Нұркияның экологиялық бизнесі жайындағы ролик қайталама шикізатты жинаумен және сұрыптаумен айналысатын «ITprof сервис» компаниясы туралы баяндайды. Кәсіпорын Ақтауда алғаш болып қалдықтарды сұрыптау жүйесін енгізді, 400-ден астам контейнер орнатып, 10 мың тоннадан астам шикізатты қайта өңдеді.
https://www.tiktok.com/@user17823744029221/video/7453540586667216134
- Жастар бизнесі. Дүйсенғали Нұржан Мақсатұлы
Жас болғанына қарамастан, Жаңаөзеннің 23 жастағы тұрғыны Дүйсенғали Нұржан қазірдің өзінде белсенді кәсіпкер. Ол «Ozen Sabyn» жергілікті сабын өндірісін бастаған. Өнімнің кең ассортименті бар, ол 100% экологиялық таза, әрі нарықта қолжетімді.
https://www.tiktok.com/@ozen_sabyn/video/7453162449882189062?_r=1&_t=ZM-8saMBdsNF13
- «Бір ауыл-бір өнім». Троеглазова Полина Алексеевна
Шығыс Қазақстан облысынан келген Полина отбасындағы омарташылардың төртінші буыны. Оның өнімінің басты айырмашылығы – балдың, жаңғақтың және итмұрын, жұпаргүл сияқты түрлі қоспалардың үйлесім табуында.
https://vm.tiktok.com/ZMk2rALEW/
Жеңімпаздарға жақында жаңа Iphone 16 Plus салтанатты түрде табысталады.
Жеңімпаздарды тағы да құттықтаймыз!
Пікір қалдыру:
Пікірлер: