«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік сатып алу жеңілдеді

2025 жылғы 14 Ақпан
- Алматы қаласы
1950 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматыда «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өтті. Оған ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және қаланың бизнес-қоғамдастығы қатысты.

Жаңа заң ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Ол бекітілер келісімдердің мерзімдері мен рәсімдерін барынша қысқартуды көздейді. Соның арқасында бір жыл ішінде – 2024 жылдың 14 ақпанынан ағымдағы жылдың 14 ақпанына дейін жасалған шарттардың көлемі бірнеше есе өсті.

«2024 жылдың 14 ақпанына бекітілген шарттар 350 млрд. теңге сомасын құрады. 2025 жылдың 14 ақпанында - бұл сома 1 трлн. 300 млрд.теңгеге дейін өсті. Яғни, келісімшарттарды бекітуге жұмсалған уақыт азайып, және олардың оңай жасалғанын көрсетеді. Мысалы, конкурстар бойынша мерзімдер 60 күннен 10 күнге дейін, ал балдық жүйенің рейтингі бойынша - 5 күнге дейін қысқартылды», - деп атап өтті вице-министр Дәурен Кеңбейіл.

Ең бастысы, заң өзгергелі мердігерлер жергілікті компаниялар қатарынан таңдалады. Бұл жергілікті бюджетке салықтарды аудару және жергілікті жерлерде жұмыс орындары ашылады деген сөз.

Кәсіпкерлер вице-министрге бірнеше ұсыныстарын айтты. Олардың ішінде 1 млрд.теңгеден астам шарттар сомасына жеткізушілердің аудитін жүргізу, сондай-ақ, ауқымды қаражатқа және ұзақ мерзімге бекітілетін шарттар бойынша тапсырыс берушілердің де аудитын жүргузі. Және мүгедек ұйымдарға артықшылық бермеу туралы да ұсыныс айтылды, себебі бұндай шартқа отандық тауар өндірушілер ілінбей қалады.

Вице-министр барлық ұсыныстар назарға алынып, әрі қарай іске асырылатынын айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер