Павлодардың Кемеңгер ауылында төрт мамандық бойынша оқу орталығын ашылуына дайындалуда
Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы жұмыс тобы «Ертіс» аграрлық колледжінің базасында оқу орталығын құру мүмкіндігін қарастырды.
Материалдық-техникалық базамен танысу үшін Павлодар ауданы Кемеңгер ауылындағы оқу орнына Павлодар облысы «Атамекен» палатасының техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кәсіптері (мамандықтары) бойынша білім беру ұйымдарын кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және біліктілігін беру жөніндегі білім беру ұйымдарының тізіліміне енгізу жөніндегі жұмыс тобы шықты. Топ құрамына өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері мен мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.
«Атамекен» Палатасының директоры Ерқанат Әбенов атап өткендей, топ ауыл шаруашылығы техникасының тракторшы-машинисті, жануарларды қолдан ұрықтандыру операторы, жануарларды ветеринарлық өңдеу операторы және бухгалтер-кассир мамандықтары бойынша жұмыссыздар үшін қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру бойынша оқу орталығын ашу мүмкіндігін қарастырды. Ұлттық Палатаның регламентіне сәйкес барлық қажетті құжаттар ұсынылды.
"Қазіргі бизнесте жұмысшы мамандықтары бойынша көптеген бос жұмыс орындары болуы мүмкін, бірақ кәсіби дағдыларсыз жұмысқа орналасу мүмкін емес. Сондықтан білікті мамандарды даярлау мәселесін біз кәсіпорындар қысқа мерзімде өздері үшін кадрлар дербес дайындай алуы үшін бейіні бойынша колледжде және кәсіпорындарда оқу орталықтарын ашуды мемлекеттік қолдау құралы арқылы шешеміз", - деп атап өтті ол.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: