«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кеген ауданында кәсіпкерлермен кездесу өтті

2024 жылғы 18 Қараша
- Алматы облысы
188 просмотров

Кеген ауданында кәсіпкерлермен кезекті кездесу өтті. Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер жөніндегі директорының орынбасары Еркін Майлыбайұлы алдымен аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаевпен кездесіп, мұндай кездесулерді жиі өткізудің кәсіпкерлік мәселелерін жүйелеуге және олардың шешімін табуға ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу ашық диалог ретінде өтіп, кәсіпкерлер өздерін толғандыратын сұрақтарды мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне тікелей қойып, олардың шешімін табу мерзімін анықтай алды.

«Нұрай» ЖШС өкілі өз кәсіпорнының есеп-шотының Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан бұғатталуы туралы мәселені көтерді. Кәсіпкердің айтуынша, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қателігінен есеп-шоты бұғатталып, 2,5% мөлшерлемесімен несие ала алмай отырғанын айтты.

Көптеген кәсіпкерлерді мазалайтын тағы бір өзекті мәселе – су тапшылығы. Аудан әкімдігі бұл мәселені шешу үшін тамшылатып суару технологиясына көшу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын хабарлады.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша да бірқатар сұрақтар қойылды. Кеген ауданы кәсіпкерлері бағдарлама аясындағы қаржыландыру талаптарына тоқталып, Алматы облысында субсидиялауға бөлінетін қаржының жеткіліксіздігіне шағымданды.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер жұмыссыздық деңгейі мен мемлекеттік қаржының ашықтығы жөнінде де сұрақтар қойды.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының тапсырмасы бойынша, барлық көтерілген мәселелер Кеген ауданы кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Ауыпбаевтың бақылауында болады және шешімін табады. Палата мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы сенімді нығайтуға және әкімшілік кедергілерді азайтуға ықпал ету мақсатында көтерілген әлеуметтік мәселелер тізіміндегі мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды жинап, шешімдердің орындалуын қадағалап отырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер