«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ежелгі тарихтың қазіргі заманмен үндесуі

2024 жылғы 18 Қараша
- Алматы қаласы
197 просмотров

Дереккөз: start-time.kz

Алматыда петроглифтердің бірегей «Арқалан» паркі ашылды. Ежелгі жартастағы бейнелер Қазақстан мәдениетінің тарихынның жалғасы болып, қазіргі заманмен үзілмес үндесуінің белгісін білдіреді.

2024 жылғы 15 қарашада Алматының бас ботаникалық бағында бірегей Қазақстанның түркі петроглифтері жинақталған «Арқалан» паркінің салтанатты ашылуы өтті. Саябақтың маңызды ерекшелігі - экологияға назар аудару, дала флорасының коллекциясы ежелгі тас бейнелері жасалған табиғи ортаны қорғап, көне тарихты  болашақ ұрпаққа мұра етіп сақтап жеткізу.  Себебі, петроглифтердің басым көпшілігі Ұлы дала елінде 4 мыңнан астам жыл бұрын пайда болған. Бұл жерде еліміздің түкпір-түкпіріндегі петроглифтердің көшірмелері жинақталған. Яғни, бүкіл Қазақстанның ежелгі тарихының галереясын бір жерден тамашалауға болады.  

Алматы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы креативті индустрия жөніндегі кеңес ұлттық мұраны сақтауға және насихаттауға, сондай-ақ шығармашылық және туристік жобаларды дамытуға ықпал ететін бастамаларды белсенді қолдайды.

«Біз өнер мен дизайннан бастап кино мен сәулет өнеріне дейінгі шығармашылық салалардың әртүрлі аспектілерімен жұмыс істейміз. Соңғы жылдары ұлттық мәдениет пен тарихты сақтауға және насихаттауға ықпал ететін жобаларға ерекше назар аударылады. Осындай бағыттардың бірі -мәдени мұраны сақтауға үлес қосып қана қоймай, сонымен қатар қала тұрғындары мен туристер үшін тартымды орталықтарына айналатын саябақтарды құру бастамалары. Мұндай саябақтар білім беру орталықтары, сонымен қатар бос уақыт, қарым-қатынас және шығармашылық кездесулер үшін ортақ орын бола алатынына сенімдіміз. Сонымен қатар, креативті индустриялар бұл жобаларға инновациялық элементтерді енгізе отырып (мысалы, цифрлық технологияларды, мультимедиялық қондырғыларды және интерактивті көрмелерді пайдалану арқылы), саябақты туристер қызыға тамашалайтын орталыққа айналдырса екен дейміз», - деп атап өтті Алматы қаласы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жанна Мырзақұлова.

Креативті индустриялар жөніндегі кеңес мүшесі Илмаз Даниялұлы – «Арқалан» петроглифтер паркі маңызды мәдени нысан және көрмелер, мастер-класстар, мәдени және білім беру бағдарламалары өткізілетін, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарының шығармашылығы, оқуы және демалуы үшін кеңістік құратын интерактивті орталыққа айналатынын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер