«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Startup Bolashaq»: Жамбыл облысының жас кәсіпкерлері үшін жаңа мүмкіндіктер

2024 жылғы 11 Қараша
- Жамбыл облысы
1996 просмотров

Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасында «Startup Bolashaq» байқауы аясында бизнес-идея жобаларының іріктеуі өтті. Байқауға өңірдегі колледждердің 30-дан астам студенті өз инновациялық идеяларымен қатысты.

Іріктеу нәтижесінде кезеңге 12  жоба  өтіп, жеңімпаздар анықталды, оның ішінде жеті қатысушы жүлделі орындарға ие болды.

Үшінші орынға бірегейлігі мен шынайылығын көрсеткен үш жоба ие болды.

Екінші орынға инновациялылығы мен даму болашағымен ерекшеленген үш қатысушылар ие болды.

Бірінші орынды барлық критерийлер бойынша жоғары баға алған — жаңа буынға "Dorba" білім беру ойыны  иеленді.

Dorba — бұл білімді қызықты ойынға айналдыратын инновациялық қосымша. Ол әр оқушының қарқыны мен оқу стиліне бейімделеді. Тапсырмалар нақты өмірлік жағдайлармен байланысты, бұл білімді тәжірибе жүзінде қолдануға көмектеседі. Dorba-ның мақсаты — мотивацияны арттырып, жаңа ұрпақ үшін білімді қолжетімді әрі қызықты ету.

«Startup Bolashaq» байқауы студенттерді қолдау және олардың идеяларын дамыту үшін құрылған, оларға ең батыл бизнес-жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, өңірдегі шағын және орта бизнесті нығайтуға ықпал етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер