«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

"Ауыл аманаты" бойынша жалпыға бірдей декларациялау мен несиелер Павлодарлық ауыл кәсіпкерлерін толғандыруда

2024 жылғы 05 Қараша
- Павлодар облысы
1371 просмотров

Павлодар облысында Ертіс ауданының "Open Ertis" кеңсесінің ғимаратында бизнес өкілдері үшін мемлекеттік органдардың «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Акцияға Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Ертіс аудандық филиалы қатысты.

"Маған жалпыға бірдей декларациялауға байланысты сұрақтар қойылды. Мен 2024 жылы барлық кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары белгіленген нысанда 250 декларация тапсыруы тиіс екенін еске салдым", - деді "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы Ертіс филиалының директоры Талапкер Қасымов.

"Ауыл аманаты" мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алу мүмкіндігіне де жергілікті бизнес пен қызығушылық танытады. Мемлекеттік қолдаудың осы жүйесі бойынша қаражат алу шарттарын Ертіс ауданының кәсіпкерлеріне де түсіндірді.

"Бизнес-қауымдастықпен тікелей "Атамекен" палатасы немесе жергілікті атқарушы органдар арқылы кез келген кері байланыс маңызды. Бұл ауылдық және қалалық кәсіпкерлердің проблемалары мен жетістіктерін білуге, сондай-ақ оларды   толғандыратын мәселелерді шешуге қалай көмектесе аламыз деген сауалдарға жауап іздеуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Павлодар өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер