«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола аграршылары түйткілді мәселелерді көтерді

2024 жылғы 31 Қазан
- Ақмола облысы
2750 просмотров

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен АӨК және тамақ өнеркәсібінің салалық кеңесі барысында ауыл шаруашылығы өндірушілері түйткілді мәселелерді көтерді. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан, салалық мемлекеттік органдар, қаржы институттарының өкілдері қатысты.

Жиында «Сандықтау» ЖШС директоры Жамұл Мұсханов жалдамалы маусымдық қызметкерлердің әлеуметтік аударымдарына қатысты сұрақ қойды. Бүгінде жұмыс берушілер МӘМС-қа қызметкер еңбекақысының 3%-ын, жалдамалы қызметкерлер үшін 2% төлейтіні белгілі. Алайда, ауыл тұрғындары негізінен ауыл шаруашылығымен айналысатын маусымдық жұмысшылар.

«Саланың маусымдылығын ескере отырып, жұмысшылар қысқы уақытта еңбекақыдан ұстаумыз демалысқа шығады. Осы кезеңде олар үшін МӘМС-қа аударымдар жүргізілмейді. Бұл жайт өз кезегінде медициналық ұйымдар тарапынан қызмет көрсетуден бас тартуға әкеледі», - деп шағымданады аграршы.

Жиын барысында сұрау салуды тиісті инстанцияларға жіберу туралы шешім қабылданды.


«Біз «Атамекен» ҰКП-ға ауыл тұрғындарының әлеуметтік есептеулерін саралауға қатысты заңнамаға өзгерістер мен ұсыныстар енгізу туралы ұсыныс жібереміз», - деді Өңірлік палата директоры Ерқанат Мұсылманбек.

«Хамзе» ШҚ басшысы Ержан Биекенов АҚП-ны қаржылық сауықтыру мәселесіне қызығушылық танытты. Мысалы, Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылында элеватор жұмыс істемейді, астық қабылдау жүргізілмейді.

«Элеватордың жағдайы мүшкіл, кәсіпорын иелерінен кері байланыс жоқ, ЖПП-ны сауықтыру бойынша шаралар күтілмейді. Сонымен қатар, элеватордың жұмысын жандандыруға дайын жергілікті кәсіпкерлер қатарынан ниет білдірушілер бар, алайда жергілікті атқарушы органдар тарапынан да түсіністік пен қолдау жоқ», - деді фермер.

Элеваторлар тарапынан жосықсыз қызмет көрсету мәселесін «Кенесары Бидай» ЖШС директоры Қуанышбек Ибраев жалғастырды. Оның айтуынша, Бурабай ауданының аграрийлері ЖПП-да сақтауға астықты тапсыру кезінде қиындықтарға тап болды, астықтың сапалық көрсеткіштерін төмендету фактілері бар, жергілікті жерлерде МЕМСТ стандарттары қолданылмайды, сол арқылы астық сапасы жасанды түрде төмендейді.

Алайда, фермерлерді толғандыратын негізгі мәселе - астықты сату. Ақмола ауыл шаруашылығы өндірушілері биыл астықты өткізу кезінде проблемаларға тап болды. Облыстың рекордтық көрсеткіштеріне қарамастан - 6,5 млн тоннадан астам астық, көптеген аграршы жиналған астықты сата алмайды. Себебі - элеваторлардағы қоймалардың толып кетуі.

«Бүгінгі таңда бұл ең өзекті мәселелердің бірі. Нарық орнынан тұрды, астық бар, сонымен қатар сапалы, бірақ элеваторлар толып жатыр. Аграршылар ағымдағы мән-жайларды түсінеді, Азық-түлік корпорациясына өнім беруге дайын. Алайда қолданыстағы тетіктер астықты тікелей сатып алуды көздемейді. Сонымен қатар, шаруалардың несиелік міндеттемелері бар», - деп атап өтті Өңірлік кеңес төрағасы Қуаныш Рақышев.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары барлық айтылған түйткілді мәселелерді жергілікті уәкілетті органдар сүйемелдеуге алатынын атап өтті.

«ЖАО тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетін болады. Бірақ бұл ретте ауыл шаруашылығы өндірушілері Азық - түлік корпорациясы алдындағы қолда бар міндеттемелерді мерзімінде орындауы тиіс», - деп қорытындылады Мұрат Балпан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер