«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Экспортқа бағытталған келешегі бар өндірістерді мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес өтті

2024 жылғы 18 Қазан
2145 просмотров

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен экспортқа бағытталған бизнес өндірістерді мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес өтті. Оған «Атамекен» ҰКП басшылығы, жекелеген министрлер мен аймақ әкімдері, «Бәйтерек» ҰБХ, «Қазақстан даму банкі» және бірқатар саладағы бизнес өкілдері қатысты.

Негізгі мақсат – Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және өсімнің жаңа мүмкіндіктерін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру.

Жыл басынан бері Р. Баталов басқаратын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы еліміздегі кәсіпкерлікпен бірлесіп, отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін түбегейлі арттыруға бағытталған кластерлік бастамаларды әзірлеу және ілгерілету жұмыстарымен белсенді айналысуда.  

Негізгі жобалардың бірі – Қазақстан мен Орталық Азиядағы  агроөнеркәсіптік аймақ «Шардара», тұйық циклды, экспортқа бағытталған алғашқы кешен AGRIQA компаниясы. Негізгі меморандумдар қазірдің өзінде қол қойылған, ал AGRIQA облигациялық бағдарламасының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін АРФРР берген. AGRIQA-ның тенгедегі ESG облигацияларын жариялау бойынша листинг процесі басталды.

Бірінші кезеңде тамақ өнімдерін өндіру, тереңдете өңделген металлургия өнімдері және басқа да жобалар қарастырылды.

«Бәйтерек» холдингі енгізген бірыңғай және жеңілдетілген өтінімдерді қарау регламенті бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың ашықтығын әрі тиімділігін арттырады, сондай-ақ ішкі нарықта отандық өнімнің өсу қарқынын арттырып, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтеді.

Премьер-министр бизнеске көрсетілетін қолдау шараларының тиімділігін арттыру үшін әкімшілік шығындарды азайту қажеттігін атап өтті.

«Мемлекеттік органдар мен даму институттары бизнеспен барынша қолайлы жағдай режимінде жұмыс істеп, елімізге қажет экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуға дайын тиімді кәсіпкерлерді белсенді іздеуі керек», - деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы ірі кәсіпорындардың шағын және орта бизнеспен тығыз жұмыс істеуінің маңызын ерекше атап өтті. Отандық өндірушілердің тауарлары, қызметтері мен жұмыстарын сатып алу бойынша өз уақытында оффтейк-келісімдер жасау қажеттігі айтылды. Осылайша, қолдау шаралары тек белгілі бір кәсіпкерлерге ғана емес, жалпы қазақстандық өндірісті дамытуға оң әсер етуі тиіс.

Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдар мен аймақ әкімдіктері, «Бәйтерек» холдингі мен «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірлесе жаңа проактивті жұмыс форматына көшуді жедел түрде қамтамасыз ету тапсырылды.

 

Фото: ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер