«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысының қыз-келіншектері Әйелдер кәсіпкерлігі академиясына қатысуға өтінім бере алады

2024 жылғы 16 Қазан
- Ақмола облысы
2581 просмотров

Әйелдер кәсіпкерлігі академиясына (AWE) қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды. Бағдарлама елдегі әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және дамытуға бағытталған. Оқыту DreamBuilder платформасы арқылы қазақ тілінде онлайн өтеді.

Қатысуға өтінімдерді Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында тұратын 21 жастан 35 жасқа дейінгі әйелдер бере алады. Бағдарламаға конкурстық негізде 100 әйел қатысады.

«Бағдарламаға қатысу тегін. Бағдарламаның өзі екі топтан құралады. Бірінші топ бизнесте тәжірибесі жоқ әйелдерге, ал екіншісі кәсіпкерлік тәжірибесі бар және өз бизнесін кеңейтуді жоспарлап жүргендерге арналған. Оқу аясында қатысушылар бизнес құру бойынша дағдыларды дамытып, сондай-ақ ағылшын тілін білуді жақсарта алады», - деді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

Бұған дейін жобаға Оңтүстік Қазақстан мен Павлодар облысынан 130 әйел қатысып, олардың ішінен бірнеше қатысушы 1 млн теңгеге дейін грант алған болатын. Түлектердің бірі Назгүл Насиеваға IVLP (Халықаралық лидерлік қонақтар бағдарламасы) бағдарламасы аясында АҚШ-қа баруға мүмкіндік берілді.

Бағдарламаның үздік түлектері Алматыдағы финалдық іс-шараға қатысып, жеңімпаздарға гранттар берілетін жобаларды қорғау бойынша жарысқа қатыса алады. Әйелдер кәсіпкерлігі академиясы әлемнің 100-ден астам елінде жұмыс істейтін жаһандық бастама және әйелдерге өз бизнесін бастауға және дамытуға көмектеседі.
AWE бағдарламасы іске қосылғаннан бері бүкіл әлем бойынша 25000-нан астам әйел білім алып, тәжірибе алмасатын және іскерлік байланыс орнататын түлектер қауымдастығын құрды.
Бағдарламаға қатысу үшін @awe_kz жобасының ресми Instagram аккаунтының профиліндегі сілтеме бойынша өтінім беру қажет


Еншілес ұйымдар

Серіктестер