«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодар облысының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау Кеңесі бизнеске қатысты 24 мәселені көтерді

2024 жылғы 15 Қазан
- Павлодар облысы
8453 просмотров

Жыл басынан бері Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы жанында жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес он бір отырыс өткізген.

Бұл құрылымның құрамына 30 адам кірді: адвокаттар, тәжірибелі заңгерлер, мәслихат депутаттары, жұмыс істеп жатқан бизнесмендер және өңірдің мемлекеттік органдарының басшылығы.

2024 жылдың тоғыз айында Кеңес он бір отырыс өткізіп, ауыл шаруашылығына, мемлекеттік сатып алуларға, жер қатынастары мен салық салуға қатысты 24 мәселені қарады. Нәтижесінде 32 ұсыныс әзірленді.

"Талқыланған мәселелердің бірі "АТА-И-ACompany" ЖШС-нің кең таралған пайдалы қазбаларға жете барлау жүргізу үшін келісімшарттық аумақты 2,9 гектарға кеңейту мәселесін шешуге жәрдемдесу туралы өтінішіне қатысты болды. Сот шешімі оң болғанына қарамастан, бұл кәсіпорынның проблемасы бір жыл бойы шешілмеген. Бұл өтініш Кеңес отырысына шығарылды. "Атамекен" ӨКП араласқаннан кейін Геология комитеті геологиялық бөлуді беруді тапсырды", - деді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.

Кеңестің әрбір отырысы аудио-және бейнежазбамен өтеді. Сондай-ақ тәжірибеде отырыстарды әлеуметтік желіде онлайн-трансляция режимінде өткізу де бар. Кездесулерге қаралған мәселелерді жариялап отыратын БАҚ өкілдері қатысуда. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер