«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сақтықта қорлық жоқ

2024 жылғы 11 Қазан
- Шығыс Қазақстан облысы
2993 просмотров

ШҚО кәсіпкерлер палатасы мен Экономикалық тергеу департаментінің «Адал бизнес» бірлескен жобасы аясында кәсіпкерлермен темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға және таратуға қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша кездесу өтті.

Айта кетейік, өңір кәсіпкерлері сарапшылардан кеңесті уақтылы алуда.

ШҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Әлия Мұқашева маусым айынан бастап жеке бизнестің мүдделерін қозғаған денсаулық сақтау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізілгенін атап өтті.

ШҚО бойынша ЭТД Ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Жанар Тайғаранова ҚР Қылмыстық кодексіне вейптерді сату және таратқаны үшін жаза – 200 АЕК–ке дейін айыппұл не қоғамдық жұмыстар; әкелгені немесе өндіргені үшін – 2 мың АЕК-ке дейін айыппұл; егер қылмыстық топ не бірнеше рет құқықбұзушылық болса –  5 мың АЕК дейін айыппұл салынады.

«Алдын алу шараларына қарамастан, ШҚО-да вейптердің заңсыз айналымының бір фактісі анықталды. 14 миллион теңгеден астам сомаға алты мыңнан астам таңбаланбаған темекі өнімдері тауары тәркіленді. Төрт миллион теңгеден астам айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Жанар Кенжалиқызы.

Қаржы мониторингі агенттігі «АФМ Insider» Telegram мессенджерінде ботты іске қосты. Осы құрал арқылы кәсіпкерлер орын алған бұзушылықтар туралы хабарлай алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер