«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кеген ауданының кәсіпкерлері алғыс хатпен марапатталды

2024 жылғы 11 Қазан
- Алматы облысы
2459 просмотров

Елімізде кәсіп бастаймын деген жандарға Кәсіпкерлер палатасының атынан және мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Сондықтан да болар, бизнес бастап, халықтың игілігі үшін жұмыс істеп жүрген іскер адамдар қатары күн санап артып келеді.

Кеген аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Атамекен»Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы және жергілікті бизнес өкілдерінің демеушілігімен жиын өтті. Аталған іс-шара «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының құрылғанына 11 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Алдымен келген қонақтарға өңірдегі «Игілік», «Кеген», «Шебер», «Нұрбек», «Шуақ» сынды шағын кәсіпорындардың тауарлары қойылған көрме ұсынылды. Жиында аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы: «Шағын және орта бизнесті дамыту - бүгінгі күннің талабы. Аудан бойынша 188 заңды тұлға, 1338 жеке кәсіпкер, 1856 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Биыл Кеген өңіріне 306 455 турист келіп, бюджетке 81 млн 308 мың теңге салық түсті. «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 156 адам 1 млрд 286 млн тенге несие алды. Осының барлығы мемлекеттік қолдаудың арқасы», - дей келе, кәсіпкерлік саласының ардагері Жалағаш ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Әріп Сыбанбаевқа аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 27 наурыздағы N°18-87 шешімімен «Кеген ауданының Құрметті азаматы» атағы беріліп, төсбелгісі табысталды.

Ауданның әлеуеті мен экономикасының қарыштап дамуына елеулі үлес қосып, «Бір ауыл - бір өнім» көрмесіне қатысқан кәсіпкерлер Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеевпен және Кеген ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер