«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

   Кәсіпкерлердің өзекті мәселесі кеңес мүшелерінің назарына алынды

2024 жылғы 04 Қазан
- Түркістан облысы
2354 просмотров

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің кезекті отырысы өтті. «Amanat» партиясының Түркістан облыстық филиалы ғимаратында өткен басқосуға кеңес төрағасы Орынбасар Кабиштаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Арынбаев,  кеңес мүшелері, мемлекеттік орган басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.

Жиында жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен жеке кәсіпкер М.Шаймерденовке жеке меншік құқығымен тиесілі жер учаскесінің үстінен мемлекет мұқтажы үшін алып қоюсыз темір жол торабы мен тікұшақ алаңы құрылысының жүргізілгені бойынша мәселе талқыланды. Жер учаскесінің үстіндегі темір жол құрылысы энергетика басқармасының теңгерімінде болғанына қарамастан бүгінгі күнге дейін кәсіпкерлік субъектінің мәселесі созбалаңдыққа салынуда. Кәсіпкердің арызын жан-жақты, объективті қарау сонымен қатар аталған темір жол тұйығының баланс ұстаушысын анықтау мақсатында Түркістан облысының мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарына сұрау салынды.

Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасынан жеке кәсіпкер Ә.Өтепберген М.Жүсіп елді мекеніндегі Қызылорда-Шымкент тас жолы бойында орналасқан кәсіпкерлік объектінің алдындағы үзіксіз сызыққа қатысты мәселе бойынша құқықтық көмек көрсетуді сұранған. Аталған тамақтану орнының алдынан өткен үзіксіз сызықты үзік сызыққа ауыстырып, тиісті жол белігісін орнату ұсынылды.

Кәсіпкерлердің өзекті мәселесі кеңес мүшелерінің назарына алынды. Заң аясында кәсіпкердің құқығын қорғау бойынша тиісті органдарға хат жолданып, жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Жалпы жыл басынан бері кеңес отырысы 8 рет өткізіліп, 17 кәсіпкердің мәселесі көтерілген. Кәсіпкерлік саласындағы әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған 73 ұсыным әзірленді. Кеңестің ұсынысы бойынша 5 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі таңда барлық ұсыныстардың 49-ы, яғни 67% -ы оң шешімін тапса, 24-і қаралу үстінде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер