«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғаудың жаңа қадамы: «Жайсан» шекаралық өткізу пунктінде шағымдар мен өтініштерді қабылдайтын стендтер орнатылды!»

2024 жылғы 04 Қазан
- Ақтөбе облысы
3654 просмотров

Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы Ақтөбе көлік прокуратурасы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп, Мартук ауданының «Жайсан» шекаралық өткізу пунктінде ақпараттық стендтер орнатты. Бұл стендтерде прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және «Атамекен» ҰКП-ның Call-орталықтарының байланыс деректері, сондай-ақ, бақылау-қадағалау органдарының негізсіз әрекеттеріне шағымдар мен өтініштерді WhatsApp-чат арқылы жолдау үшін QR-код орналастырылған.

Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Логистика және көлік салалық кеңесіне кәсіпкерлерден, оның ішінде жүк тасымалдаушылардан, «Жайсан» өткізу пунктінде мемлекеттік қызметшілермен туындайтын даулы жағдайлар туралы ауызша шағымдар түсуде. Көп жағдайда мемлекеттік қызметшілер түсініктеме алу үшін жоғары тұрған органдарға жазбаша түрде жүгінуді ұсынады, бұл кәсіпкерлер үшін проблемаларды жедел шешуге кедергі келтіреді.

Осы мәселенің маңыздылығын ескере отырып, Кәсіпкерлер палатасы Ақтөбе көлік прокуратурасымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және басқа да мемлекеттік органдармен (ҚР ҰҚК Шекара қызметі, Мәртөк ауданының әкімдігі, көліктік бақылау инспекциясы және т.б.) бірлесіп шекара пунктінде көшпелі іс-шара өткізді. Нәтижесінде кәсіпкерлерге шағымдар мен өтініштерді жедел беруге көмектесетін ақпараттық тақтайшалар мен стендтер орнатылды.

Жобаның мақсаты — кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, мемлекеттік қызметшілердің негізсіз әрекеттерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау.

«Жайсан» өткізу пунктінде жүзеге асырылған осы жобаны қолдағаны үшін Ақтөбе облысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне және Мартук ауданы әкімдігіне алғысымызды білдіреміз.

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұловтың айтуынша,  барлық шағымдар мен өтініштер прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және «Атамекен» ҰКП-ның Call-орталықтары мен WhatsApp-чат арқылы қабылданғаннан кейін Кәсіпкерлер палатасы, Ақтөбе көлік прокуратурасы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бақылауында болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер