«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

"Бір ауыл - бір өнім" жобасының үздік үштігін анықтау бойынша бренд-комитетінің отырысы өтті

2024 жылғы 03 Қазан
- Алматы облысы
573 просмотров

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша бренд-комитеттің отырысы «Атамекен» Алматы облысының кәсіпкерлер палатасында өтті. Бренд-комитеттің мүшелері болып, Кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ботабекова Ляззат, Кәсіпкерлер палатасының директорының экономикалық сұрақтары бойынша орынбасары Дуйсекенов Ержан, туризм салалық кеңесінің төрағасы Искаков Сункар, Байсаев Адам, «Даму» кәсіпкерлік АҚ директорының орынбасары Слямов Аслан, Ауылшаруашылықты басқару бойынша салалық кеңесінің өкілі Молдатаев Олжас, ҚР МТИ Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы Сулейменов Исламбек, «Жетісу» телерадио телекомпаниясының басқарушысы Исаева Жазира үздік үштікті анықтау бойынша әділ төрелік етті.

Естеріңізде болса, тамыз айында Қонаев қаласының орталық алаңында «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі өткен болатын. Көрмеге 80-ге жуық кәсіпкер қатысып, өз өнімдерімен таныстыра өткен-ді. Көрмеде барлық талаптарға сай, ауылдық инфрақұрылымды дамытуға, ауылдық жерлердегі жұмыссыздықты жоюға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға үлес қосып жүрген 10 үміткердің өнімі іріктелді.

Киіз үй жасаумен айналысатын Тауан Нұрбол, балдан сабын, майшам және балдың түр-түрін өндіретін Чукенова Назира, емен, қарағаш секілді ағаштардан астау, торсық, қолөнер бұйымдарын өндіретін Әділбай Нұржұма, өз тігін шеберханасында киізден киім, сөмке, аяқ киім жасап бірнеше сән көрсетіліміне, көрмелерге қатысқан Даулетова Женисгуль, өңірлік ұннан, женттен, жалпы сүт өнімдерінен тәттілер пісірумен айналысатын Молдабергенова Фариза, теріден әртүрлі суреттер салатын Раимбеков Дулат, қымыз, құрт, сары май өнідруші «Көлбастаудың майы» деп облыста өз тұрақты тұтынушылары бар Бектұрсын Ұлан, табиғи бал өнімдерін ұсынған Коновалов Павел, киізден ойыншықтар, мәсі, көрпе секілді қолөнер бұйымдарын жасайтын Бозумова Сауле, ағаштан заманауи киіз үй шамдарын, тасқа әртүрлі сурет салумен айналысатын Құрманбай Ұлбосын көрмедегі үздік қатысушылар деп танылды. Ендігі кезекте, облысымыздың атын жаңғыртатын үштікті анықтау.

Бренд-комитеттің басты талаптарының бірі, өнім міндетті түрде жергілікті болуы қажет және сапалы бірегей өнім өндіруге болатындай, аймақтың ерекшелігін таныта білетіндей болуы. Осыған орай, әрбір кәсіпкер жеке-жеке өнім шығаруының жалпы идеясымен таныстыра өтті.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директорының экономикалық сұрақтары бойынша орынбасары Дуйсекенов Ержан: «Кәсіпкерлер палатасы «Бір ауыл – бір өнім» жобасының қатысушыларына өндірісті кеңейтуге, қажет болған жағдайда экспортқа шығуына, сертификаттау мен маркетингтік қолдау жағынан көмек көрсетеді, әрине, жобаның мақсаты – жергілікті өнімді дамыту болғанымен, кәсіпкерлер палатасы - әрбір кәсіпкерге құқықтық, консультативтік, бизнесті дамыту мен мәселелерді тиімді шешіуге кепілдік береді»,- деді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер