«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҰКП ветеринарлық клиника құруға қол ұшын созды

2024 жылғы 02 Қазан
- Шығыс Қазақстан облысы
2558 просмотров

Күн сайын 13 жылдан астам уақыт Адия Хусаинова жан-жануарларды емдеп келеді. Ол – Өскемен қаласында тәжірибелі ветеринар дәрігер, «VetLab» жануарларға арналған клиникалық-диагностикалық орталығының басшысы.

«Декреттік демалыстан шығу уақыты келгенде, мен жұмыс пен екі кішкентай баланы өсіру маған қиын болатынын түсіндім. Содан кейін жедел жылжымалы ветеринарлық көмек ұйымдастыру туралы ой пайда болды», - деп еске алды Адия Хусаинова.

Адия қажетті ақпарат іздеп, ШҚО кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан кеңес алып, бизнес-жоспар құруға өтінім берді, «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша оқудан өтіп, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша гранттық қаржыландыруға қатысуға өтінім берді.

«Декреттегі аналар толық жұмыс күні емес, нақты кесте бойынша жұмыс істеуі үшін менің жобам мүмкіндігінше мобильді, жылжымалы болуы керек., - деді Адия Хусаинова.

Оның айтуынша, ең алдымен сапалы ультрадыбыстық аппарат сатып алу керек болды.

«Қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, үйде қызмет көрсететін жалғыз көшпелі жедел ветеринарлық қызмет көрсете бастадым», - деді дәрігер.

Ветеринардың айтуынша, сараптамалық тексеру жүргізіп, жүректің ультрадыбыстық зерттеу және жүрек патологиясын анықтау, дұрыс диагноз қою, іш қуысының патологиясын анықтау қызметтері көрсетіле бастады.

 Мұндай қызмет жануар иелері арасында кең сұранысқа ие бола бастады. Адия Хусаинова «Өскемен Атамекен» МҚҰ арқылы қосымша диагностикалық жабдықты сатып алу үшін жылдық 6%-бен 12 миллион теңге сомасында жеңілдікті несие алды.

«Бүгінде бұл өз зертханасы, рентген, жаңартылған ультрадыбыстық аппараты бар жануарларға арналған диагностикалық клиника болып отыр. «Атамекен» ҰКП қол ұшын созуы – бизнесім үшін қуатты серпін болды», - дейді Адия Хусаинова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер