«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ: ТМД СЫЙЛЫҒЫНЫҢ КОНКУРСЫНА ДАЙЫНДЫҚ

2024 жылғы 02 Қазан
2922 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өнімдер мен қызмет көрсету сапасы саласындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының конкурсына қатысушыларды дайындауға арналған онлайн-семинар өткізді.  

Семинарға стандарттар бюросының директоры және МАК жауапты хатшысы Владимир Черняк, стандарттар бюросының бас маманы Анна Шинкарева, сапа саласындағы ТМД сыйлығының сарапшысы Гүлнар Яшкина және «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.

 

Семинар екі жылда бір рет өткізілетін байқауға орайластырылды. Биыл 2025 жылғы ТМД  сыйлығына өтінімдерді қабылдау осы жылдың маусым айында қабылданған Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің хаттамасына сәйкес бастау алды. Бүгінде конкурсқа қатысу ниетін Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар және Атырау облыстарының жеті компаниясы білдірді.

 

Сыйлықтың негізгі мақсаты жоғары сапалы өнімдердің экспортын және қызмет көрсету сапасын ынталандыру, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы елдердің ұйымдарында инновациялық технологиялар мен тиімді менеджмент әдістерін енгізу болып отыр.

 «Атамекен» ҚР ҰКП республикалық конкурстарды ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директоры Мерей Исаева семинар модераторы болды. Ол қатысушыларды таныстырып, сөз кезегін Владимир Чернякқа берді. Өз кезегінде Владимир Черняк байқаудың басшылар үшін әлеуетін көрсету және кәсіпорындарына назар аудару мүмкіндігін атап өтті.

«Сыйлық – кәсіпкерлердің өз әлеуетін байқауға және өздерін таныту үшін берілген мүмкіндік. Бұл бизнеске жаңа нарықтарға шығуға және өз жетістіктерін көрсету үшін қажет.

ТМД сыйлығына үздіктердің үздігі түсуі тиіс. Ол үшін кем дегенде екі жыл бойы өнімдер мен қызмет көрсету сапасын растау, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің біріне экспортты жүзеге асыру және конкурстың бірінші кезеңінде финалға шығу қажет», - деп атап өтті сарапшы.

 

Семинар барысында конкурсқа қатысудың негізгі аспектілері, оның мақсаттары мен міндеттері, тарихы, бағалау критерийлері, өтінім беру процесі, сондай-ақ өткен жылдардағы жеңімпаздардың үздік тәжірибелері талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, қажетті құнды ұсыныстар алды.

 

Кездесу жоғары сапа стандарттарына ұмтылатын компаниялар үшін маңызды болып, конкурсқа қатысу үшін қажетті мағлұмат берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер