«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылордада бірыңғай есеп беру күні өтті

2024 жылғы 30 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
2267 просмотров

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жыл сайын қыркүйектің соңғы бейсенбісінде бақылау және қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күнін өткізу белгіленген. Басты мақсат – кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы мен бизнес-ахуалды жақсарту!

Қызылорда облысында аталған маңызды іс-шара облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің төрағалығымен өтіп, оған құқық қорғау органдары, мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдары, жергілікті әкімдіктер, сондай-ақ бизнес өкілдері мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қатысты.

2024 жылдың 8 айында мемлекеттік органдармен кәсіпкерлік субъектілеріне 1311 таксеру тағайындалып, нәтижесінде 894 заң бұзушылықтар орын алғаны анықталды. Сонымен қатар, бизнеске 4 заңсыз тексерулер тағайындалып, 98 профилактикалық бақылау жүргізілген.

Тексерудің басым бөлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, төтенше жағдайлар, экология, кірістер, өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменттерімен қатар, облыстық бақылау жөніндегі басқармасымен жүргізілуіне байланысты. Осыған орай, отырыста аталған мемлекеттік органдардың есебі тыңдалды.

Сонымен қатар, бизнес өкілдері білім беру саласында мектептегі тамақтану, фармацевтика саласындағы мәселелерге баса мән беріп, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге өз ұсыныстарын білдірді

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер