«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бауырлас республикаға іссапар

2024 жылғы 01 Қазан
- Батыс Қазақстан облысы
3552 просмотров

Бауырлас республикаға іссапар «Бір ауыл – бір өнім» жобасы өткен ғасырдың 60-жылдары Жапонияда пайда болды, ал Қырғызстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып ауыл тұрғындарын қолөнер арқылы өз әлеуетін ашуға ынталандыру тәжірибесін енгізді.


Жоба Қазақстанда кеңінен өріс алғандықтан, «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және ілгерілету бойынша шетелдік әріптестерінің тәжірибесін үйренуді жалғастыруда және жақында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының делегациясы Бішкектен оралды. Делегация құрамында Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мақсат Құланбаев болды.

Естеріңізге сала кетейік, «Бір ауыл – бір өнім» жобасы Қазақстанда пилоттық жоба ретінде 2022 жылы жүзеге асырылып, «Атамекен» сынақтан өткізу үшін төрт облысты, соның ішінде Батыс Қазақстанды таңдаған болатын. Іске асырудың сынақ жылында жоба тиімділігін көрсетіп, 2023 жылы республика бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкелері мен көрмелері өткізілді.

Биылғы жылы Қырғыз Республикасындағы JICA өкілдігімен келісім бойынша ҰКП Бішкекке сапар ұйымдастырды, ал Қырғыз тарапы қонақтарды қарсы алып, оларды іскерлік нысандарға апарды.

Үш күн бойы (24-26 қыркүйек) қазақстандық делегация киіз өндірісі жолға қойылған ауылдарды аралап, талқан печенье жасайтын цехта, сабын зауытында болып, Ыстықкөлдің омарташыларымен кездесті.

Мақсат Құланбаев атап өткендей, қырғыздардың ауылдағы бизнесі қазақ ауылдарының өндіретін өніміне ұқсайды, бұл таңқаларлық емес, өйткені біздің халықтардың тұрмысы мен салт-дәстүрі көп жағынан ұқсас. Бірақ бұл ретте бір-бірімізден үйренеріміз көп. Өнімі бір сауда орнында сатылып, қонақтар үшін осы дүкенге бару ұйымдастырылды.

Шетелдік іссапар аясында Қырғыз Республикасындағы JICA өкілдігі қазақстандықтар үшін қырғыз қозғалысы үлгісінің тұсаукесерін өткізді.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасының жүзеге асуын егжей-тегжейлі баяндады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері өңірлердегі кәсіпкерлікке ұмтылғандармен жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстанда ауылдық жерлерде бизнесті дамытуға бағытталған көптеген мемлекеттік бағдарламалар бар екенін және оларды жүзеге асыруға ҰКП белсенді атсалысатынын айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер