Бірыңғай есеп күні барысында ақмолалық кәсіпкерлер проблемаларын айтты
Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпанның қатысуымен Бірыңғай есеп күні өтті. Бақылау және қадағалау органдары дәстүрлі түрде бизнес өкілдеріне атқарылған жұмыс туралы есеп берді. Сонымен қатар тексерулер барысында анықталған бұзушылықтар, міндетті талаптар, жаңашылдықтар мен заңнамадағы өзгерістер туралы хабардар етті.
Облыстық ведомстволардың басшылары - Бахидбек Оспанбеков, жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Ерғали Шорин сөз сөйледі.
Атқарылған жұмыстар туралы мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әсем Шәкірова, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қанат Ысқақов баяндады.
Кәсіпкерлер өз кезегінде түйткілді кейстер, бұрынғыдай ең көп талқыланатын жер мәселелеріне қатысты жағдайды айтты.
Өңірлік палата директорының орынбасары Расул Сыздықов хабарлағандай, ӨКП-ға түскен өтініштердің басым бөлігі жер қатынастарына (33%) байланысты. Бұл салада бақылаушы органдардың репрессиялық әрекет етуі әлі де бар. Жалпы, биыл 9 айда Кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғау желісі бойынша 153 өтініш келіп түсті. Соның 78-і бойынша оң нәтижеге қол жеткізілді (62,4%). Сонымен қатар, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою мәселесі өзекті болып қала береді.
Мысалы, «АСКОП» ЖШС тұқым шаруашылығын қоса алғанда, дәнді дақылдарды өсіре отырып, жиырма жылға жуық ауыл шаруашылығы өндірісімен тиімді айналысып келеді. Компания өзіне алған міндеттемелерді орындау кезінде адалдық қағидатын сақтай отырып, барлық қажетті агротехникалық іс-шараны тұрақты негізде жүргізеді: жалақының жоғары деңгейін сақтау (республика бойынша орташа деңгейден 30,6%-ға жоғары). Сонымен қатар, кәсіпорын кейінгі жылдары 16 млрд теңгеден астам инвестиция салды. Былтыр бюджетке аударымдар 1 млрд теңгеден асты. Алайда, кейінгі екі жыл ішінде «АСКОП» ЖШС аумағы 2700 гектардан асатын жер учаскелеріне заңды құқықтарға қол жеткізе алмай, Қорғалжын ауданының жер қатынастары бөлімі тарапынан белгілі бір қысымға тап болған.
«Өкінішке қарай, мемлекеттік органдардың Жер кодексінің 43-бабын дұрыс түсіндірмеуі нәтижесінде біз жер учаскелерін алып қою проблемасына тап болдық. Бұл жүйелі проблема, бүгінде облыста агро саласында еңбек ететін екі жүзге жуық субъект осындай қиындыққа тап болады. Бұл ретте кәсіпорындар өзіне алған міндеттемелерін адал орындайды. Бұған дейін кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мемлекеттік органдармен талқылау барысында біз сотқа дейінгі реттеуге келдік. Алайда, жер конкурстан тыс жерде берілгенін көрсеткен тексерулердің қорытындысы бойынша біз өз тарапымыздан өзгеріс көрмейміз. Көптеген жыл бойы осы жерлерді пайдаланбаған жосықсыз субъектілердің учаскелері сол күйінде қалып отыр», - деп шағымданады «Аскоп» ЖШС басшысы Николай Степаненко.
Осындай проблемаға «Нұралин» шаруа қожалығы да тап болды. Оған қатысты Біржан сал ауданының жер қатынастары бөлімі жер учаскесін жалдау шартын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді. 50 жылға жуық жалға алынған жер фермерге 2015 жылы мал шаруашылығына бөлінген. Осы уақыт ішінде фермер, бизнес-жобаны ауданның бас сәулетшісімен үйлестірді. Мал шаруашылығы базасының күрделі ғимараттары, персоналға арналған үй салынды, коммуникациялар жүргізілді, көлік, арнайы ауыл шаруашылығы жабдықтары мен ауыл шаруашылығы техникасы, 25 бас жылқы, 20 бас асыл тұқымды ІҚМ, 65 бас ұсақ мал сатып алынды.
Сонымен қатар, осы жолдауда Мемлекет басшысы: «Егер Жер заңды бұза отырып алынса және пайдаланылмаса, онда бұл жер мемлекетке қайтарылуы тиіс, бұл ретте жеңілдетілген рәсім бойынша әрекет ету керек. Бірақ егер жер пайдаланушы адал жұмыс істесе, инвестиция салса, онда қолданыстағы өндірісті бұзуға болмайды. Бұл ретте ауылдарды жайластыру және ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты да есепке алу қажет» деп атап өткен.
Ерғали Шориннің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұрынғы жерді алып қою жөніндегі комиссияның атауы мен жұмыс форматы ауыл халқының мұқтажы үшін жерді қайта бөлу, сондай-ақ жер ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау жөніндегі республикалық комиссияға өзгертілген. Барлық мүдделі орган кіретін Комиссия кәсібін адал жүргізетін агробизнес субъектілерінің тізілімін жүргізеді. Салық төлеу, инвестиция тартуды және аймақтардағы тиісті ауылшаруашылық аумақтарын дамытуды қамтамасыз ететін ауылшаруашылық өндірушісінің оң портретін ескере отырып, жергілікті жерлерде арнайы комиссия жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін құқықты жалғастыру мәселелерін реттеумен айналысатын болады.
«Жер қатынастары саласы - өте нәзік сала, бұл даулы мәселелерді құқықтық өріс шеңберінен басқа шешу мүмкін емес. Қазір арнайы комиссияның жұмыс алгоритмі нақтылануда, пысықталып жатыр. Шынында да, адал бизнес зардап шегеді және сіз меншік иелері ретінде өз уақытында заң бұзушылықпен жер берген шенеуніктердің әрекеттері үшін жауап бермейсіз. Біз жақын арада комиссия құруға, мәселені заңда белгіленген тәртіппен шешуге тырысамыз», - деп атап өтті Мұрат Балпан.
Кездесу барысында жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға қатысты тексерулер жүргізудің заңдылығы, кәсіпкерлердің шоттар бұғаттауға қатысты мәселелер айтылды. Кездесу қорытындысы бойынша айтылған мәселелер бойынша шешімдер алгоритмі әзірленетін болады.
«Адал кәсіпкерлікті негізсіз тексеру мен қудалаудан қорғау – Мемлекет басшысының экономиканы ырықтандыру, экономикалық құқық бұзушылықтарды қылмыссыздандыру және оған мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың заңсыз араласуының жолын кесу туралы соңғы жарлығына сәйкес келетін біздің ортақ міндетіміз», - деп атап өтті ӨКП директоры Ерқанат Мұсылманбек.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: