«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Шемонаихада азаматтарды қабылдады

2024 жылғы 25 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
2578 просмотров

ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев мобильді топ құрамында аудан кәсіпкерлерімен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.

«Кәсіпкерлерге өзекті мәселелерді шешуде құқықтық және консультациялық көмек көрсетілді. Мұндай көшпелі кездесулер бизнес-қауымдастыққа тиімді әрі жедел көмек көрсетуге көмектеседі», - деп атап өтті Қайрат Мамырбаев.

Мәселелердің көпшілігі жер және мүлік құқығы, елдімекендерді абаттандыру, қоғамдық көлік, автомобиль жолдарының жағдайы, жеңілдетілген несиелеу, жастарды оқыту және жұмысқа орналастыру мәселелеріне қатысты болды.

Мобильді топтың жұмысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Ашық диалог, азаматтарды жедел қабылдау халық арасында профилактикалық жұмыс жүргізуге және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында консультациялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер