«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандағы кәсіпкерліктің 2024 жылғы І жартыжылдықтағы жағдайы туралы ұлттық баяндама жарияланды

2024 жылғы 24 Қыркүйек
4830 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстандағы кәсіпкерліктің 2024 жылғы І жартыжылдықтағы жағдайы туралы ұлттық баяндаманы жариялады. Аталмыш құжатта кәсіпкерлік белсенділіктің ағымдағы жағдайы туралы мәліметтер қамтылған.

Аталған баяндамада шағын және орта бизнес өкілдері қатысқан «Іскерлік климат» тәуелсіз зерттеуінің негізгі қорытындылары жинақталған. Құжатта ағымдағы жағдаймен қатар, сот-құқықтық реформаны талдау, салық реформасына арналған нақты ұсыныстар мен шағын және орта бизнестің даму болашағы туралы көзқарастар ұсынылған. Сондай-ақ, баяндамада отандық өнімнің ел ішіндегі құндылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылған. Бұл – ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқаратын стратегиялық бағыт.

Сонымен қатар, баяндамада кәсіпкерлерге нарықтың өзгермелі жағдайларына бейімделіп қана қоймай, бизнесті дамыту мен өсірудің жаңа мүмкіндіктерін пайдалануға көмектесетін практикалық ұсыныстар мен сұхбаттар бар.

Баяндамаға СІЛТЕМЕ

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер