«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда АЭС-ның құрылысы: павлодарлық "Атамекен" бизнесті біріктіреді

2024 жылғы 23 Қыркүйек
- Павлодар облысы
4197 просмотров

Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы жөніндегі Павлодар облыстық халықтық штабта кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Кәсіпкерлер алдында штабтың мүше-сарапшылары, олардың ішінде "Атамекен" аймақтық палатасының директоры Ерқанат Әбенов, Торайғыров университетінің доценті, биология ғылымдарының кандидаты Александр Убаськин, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Жарқынбек Амантай және басқалары сөз сөйледі. Олар республикада АЭС-ын салу жөнінде ой өрбітті. Кәсіпкерлерді қызықтырған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Атом энергетикалық қуаттылығы бар елдер арасында АҚШ, Франция, Қытай, Жапония, Ресей және Оңтүстік Корея бар. Мәселен, Францияда АЭС-ның үлесіне электр энергиясы өндірісінің 64 проценті, Оңтүстік Кореяда - 31, Ресей мен АҚШ-та - 18, Қытайда - 5, Жапонияда 5,5 проценті жатады. Яғни, әлемде энергобаланстағы атом энергиясының 100 процентіне жеткен ел жоқ. Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы 2035, жылға қарай елдің энергобалансындағы атом энергиясының үлесін 12 процентке дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ал көмір жағу есебінен өндірілетін энергия үлесі 61 проценттен 40 процентке дейін азаяды.

Фото: Константин Музалевский.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер