«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер сот орындаушыларының әрекеттеріне қатысты 46 істі сотқа берген

2024 жылғы 20 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
3394 просмотров

ШҚО кәсіпкерлер палатасының алаңында мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен бірлескен «Сіздің құқығыңыз» жобасы іске асырылуда.

Судья Динара Кәрімова сот орындаушысының қаулысына ҚР заңнамасына сәйкес, 10 жұмыс күні ішінде шағым жасалатынын айтты.    

«Сот талаптардың 35 пайызын қанағаттандырады, 65 пайызында жеке сот орындаушыларының әрекеттері көбіне заңды болады», – деді Динара Болатқызы.

Мәселен, Динара Кәрімованың айтуынша, акционерлік қоғамның ЖСО-на мүлікке тыйым салу туралы қаулыға қарсы дау айту талабы қанағаттандырылды, заңсыз деп танылып, мүлікке тыйым салу қаулысының күші жойылды.   

«Сот ЖСО-ның әкімшілік қалау шегінен асып кеткенін анықтады, өйткені мүлікке тыйым салу жүзеге асырылып, оның жиынтық құны берешек сомасынан асып кеткен», - деп атап өтті судья.

Сондай-ақ сот дауды бейбіт жолмен реттеу үшін тараптарға барынша жәрдемдеседі. 

«ЖШС атқарушылық іс жүргізуді қозғау, борышкерге белгілі бір әрекеттер жасауға тыйым салу және банк шоттарының нөмірлері туралы мәліметті талап ету және оларға ЖСО тыйым салу туралы қаулыларға қарсы шықты. Татуластыру судьясының көмегімен тараптар келісімді мынадай шарттармен бекітті: ЖСО атқарушылық іс жүргізуді қозғау, борышкерге белгілі бір іс-әрекеттер жасауға тыйым салу және банк шоттарының нөмірлері туралы мәліметті талап ету және оларға тыйым салу туралы қаулылардың күшін жойды. ЖСО белгіленген мерзімде талапкерге өкілдің қызметіне 100 мың теңге мөлшерінде төлейді. Осы шарттарда ЖШС талапкері талап қоюдан толық көлемде бас тартады», - деп толықтырды Динара Кәрімова.

ШҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Әлия Мұқашева мүдделі тұлғалар сот орындаушыларының қаулыларына дау айту мәселесі қызықтырды.

Судья Ырысалды Кәкішева заңда сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөніндегі шешіміне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану немесе мұндай әрекеттерді тек атқарушылық іс жүргізу тараптары жасаудан бас тарту құқығы көзделгенін түсіндірді.

«Әкімшілік сот ісін жүргізуге сәйкес, әрбір адам заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы. Яғни, іс жүзінде әкімшілік рәсімге қатыспаған адамдардың талап-арыздары қаралатын жағдайлар бар: жұмыс берушілер (алимент өндіріп алу бойынша борышкердің тыйым салынған картасына қаражат аудару), олардың пайдасына сатылған мүліктен түскен қаражат төмен құны бойынша бөлінген басқа да атқарушылық іс жүргізу бойынша өндіріп алушылар жатады», - деп нақтылады судья.

Ырысалды Кәкішеваның айтуынша, кез-келген санатта тек жеке сот орындаушыларына ғана қатысты емес, жеке анықтамалар, ақшалай өндіріп алу секілді әрекет ету шаралары бар. Статистика бойынша өткен кезеңде ЖСО тарапынан ақшалай өндіріп алулар кездеспеген, алайда бұрын мұндай кемшіліктер болған.

Айта кетейік, ШҚО кәсіпкерлер палатасы мен «Сіздің құқығыңыз» мамандандырылған ауданаралық сотының бірлескен жобасы үш жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келеді. Кездесулер тұрақты негізде Facebook әлеуметтік желісіндегі «Өскемендегі және ШҚО-дағы Бизнес» парақшасында тікелей эфирде өткізіледі. Кәсіпкерлер эфир кезінде өз сұрақтарына жауап алу үшін алдын-ала сұрақтарын жолдай алады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер