«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодар облысының бақылау және қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күні өңірлік Кәсіпкерлер Палатасында өтеді

2024 жылғы 18 Қыркүйек
- Павлодар облысы
2668 просмотров

Іс-шара 26 қыркүйекте сағат 11.00-де "Атамекен"ӨКП конференц-залында өтеді.

Бақылау және қадағалау органдарына мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ бақылау мен тексерулер жүргізетін жергілікті атқарушы органдар жатады. Бұған Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, прокуратура салаларындағы органдар жатады. Бизнес субъектілері тарапынан есептің Бірыңғай күніне кәсіпкерлер мен кәсіпкерлер палаталарының өкілдері қатысады.

Бұл күні тараптар өңірдегі Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды мемлекеттік бақылауды, қадағалауды және алдын алуды жүзеге асыру нәтижелерін талқылауға тиіс. Бұл бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелерін талдау, олар бойынша сындарлы шешімдер әзірлеу, кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың қауіпсіз қызметі үшін құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын бұзудың жүйелі профилактикасын дамыту үшін жасалады.

Бақылау және қадағалау органдары есебінің бірыңғай күні Павлодар облысы әкімінің орынбасарының төрағалығымен өтеді деп күтілуде. Іс-шараны Жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлік субъектілері үшін жыл сайын, қыркүйектің соңғы бейсенбісінде өткізеді.

"Есеп берудің бірыңғай күнін өткізудің қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар бақылау және қадағалау органдарының, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, прокуратура және Кәсіпкерлер Палатасы салаларындағы органдардың өкілдерімен келісілген хаттамалық шешім қабылдайды. Олар сондай-ақ Бірыңғай есеп беру күнінің қорытындылары туралы есепті толтырады. Ол кейіннен облыс әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылады", - дейді Павлодар облысы кәсіпкерлер Палатасының директоры Ерқанат Әбенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер