«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық кәсіпкерлер Жапонияда тағылымдамадан өтті

2024 жылғы 11 Қыркүйек
5870 просмотров

Тағылымдама биылғы жылдың тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басы аралығында өтті. Шара барысында 5 кәсіпкер JICA сарапшыларының ұйымдастыруымен жапондық менеджмент әдістері мен іскерлік әдет-ғұрыптары бойынша оқытылды.

Бағдарлама аясында отандық кәсіпкерлер Жапонияда кәсіпорындардың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін белсенді қолданылып жүрген жапондық басқару әдістеріне, іскерлік әдет-ғұрыптарға және инновацияларға оқытылды. Тренингті Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) сарапшылары және басқа да менеджмент сарапшылары жүргізді.

Бағдарлама күріш өндіруге және өңдеуге маманданған Жапонияның жетекші кәсіпорындарында, сондай-ақ, ұзақ сақтау мерзімі бар өнімдерде теориялық сабақтар мен практикалық сабақтарды қамтыды. Осының арқасында тағылымдамадан өтушілер Қазақстанда бейімделіп, енгізуге болатын озық технологиялар мен өндіріс әдістерімен тікелей танысуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, делегация төтенше жағдайларда қолданылатын азық-түлік өнімдерін зерттеу жөніндегі Жапония қоғамының ғылыми көрмесін тамашалады. Осы іс-шара аясында кәсіпкерлер жаһандық сын-қатерлер мен климаттың өзгеруі жағдайында ерекше өзекті болып табылатын азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы соңғы жаңалықтармен танысты. Жапониядағы халықаралық университеттердегі дәрістер қатысушыларға халықаралық нарықтарда бизнесті ілгерілету және инновацияларды басқару саласында құнды білімдер берді.

«Asia Harvest» компаниясының бас директоры Денис Дагуров сапар туралы пікірімен бөлісті.

«Мен орман шаруашылығында жапондық тәжірибе алдым. Өте пайдалы, өте бай тренинг, онда біз көптеген жаңа технологиялар мен идеяларды білдік, олардың кейбірін жапондықтар ғасырлар бойы дамытқан. Ал енді алған білімімізді іс жүзінде жүзеге асыратын боламыз», - дейді кәсіпкер.

«Асыл дән» ЖШС директорының орынбасары Баян Жомартова менеджмент ерекшеліктерін атап өтті.

«Мен қатты әсер алдым. Кәсіпорынның барлық бөлімшелері Кайдзен құралдарына сәйкес жұмыс істейді. Корпоративтік рухты сезінесіз», - дейді Баян.

Сапар барысында Токиодағы штаб-пәтерде JICA өкілдерімен кездесулерге ерекше назар аударылды. Онда ынтымақтастық мәселелері мен технологиялар трансферті және бірлескен жобалар талқыланды. Сонымен қатар, тағылымдамадан өтушілер бірнеше жетекші салаларда болды. Атап айтар болсақ, «Эчиго Сейко» кондитерлік фабрикасы, Нагаокадағы «Бурбон» фабрикасы, Нагаока технологиялық университеті және консервіленген және ретортталған тағамдарды шығаратын Holika Foods.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер