«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауданда кәсіпкерлер форумы өтті

2024 жылғы 09 Қыркүйек
- Ақтөбе облысы
2394 просмотров

Мұғалжар ауданы әкімдігі мен Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы Мұғалжар аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Өңірім - тынысым, кәсібім - ырысым!» атты аудан кәсіпкерлерінің форумы өтті.

Форум барысында алдымен аудан кәсіпкерлері өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, Ақтөбе облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұлов, Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Қуат Әбдіханов, Ақтөбе облысының ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Айбат Ербазиев аудандағы тауарөндіруші  кәсіпкерлердің көрмесін тамашалады.

Бұдан кейін мұғалжарлық кәсіпкерлерге өз бизнестерін қаржыландыру, өндіріске қажетті инфрақұрылымдарын дамыту және мемлекет тарапынан қарастырылған басқа да қолдаулар мен жеңілдіктер бойынша Ақтөбе облысы  кәсіпкерлік пен қаржы саласы мамандары түсіндіріп өтті.

Форум барысында кәсіпкерлер өздерін қызықтырған әрі толғандырған сұрақтарын, ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, ой бөлісті.

Форум соңында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген бір топ кәсіпкерлер Алғыс хаттармен марапатталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер