«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа бұйрығы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушілердің жұмысын жеңілдетеді

2024 жылғы 06 Қыркүйек
6367 просмотров

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2024 жылғы 20 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы күшке енді.

Осылайша, қазір дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасын тіркеу қызметі мемлекеттік қызмет мәртебесіне ауыстырылуда. Жаңашылдық бұл қызметті жеңілдетуге, ашық және уақтылы көрсетуге бағытталған.

Сонымен қатар, бұйрықпен мемлекеттік тапсырыс шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасын міндетті түрде жыл сайын тіркеу/қайта тіркеу туралы талаптың күші жойылды. Бұл жаңалық фармацевтикалық өндірушілердің қаржылық және уақыттық шығындарын азайтып, олардың нарыққа шығуын тездетеді.

Айта кету керек, бұл түзетулер ҚР ҰКП салалық қауымдастықтармен бірлесіп қолға алынып, Денсаулық сақтау министрлігімен ұзақ уақыт талқыланған болатын.

Нәтижесінде Денсаулық сақтау министрлігі осы іскерлік ұсыныстарды тыңдап, кепілдік берілген көлем шеңберінде шекті бағаларды белгілеу тәртібін айтарлықтай оңтайландыратын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға шекті бағаларды реттеу және қалыптастыру қағидаларына ТМККБК және МӘМС шеңберінде тиісті түзетулер енгізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер