«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның өнеркәсіптік трансформациясы: сарапшының Президент жолдауы туралы ойы

2024 жылғы 05 Қыркүйек
6160 просмотров

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің өнеркәсіптік әлеуетін толық ашу үшін жүйелі күш салу қажеттігін атап өтті. Жыл сайынғы жолдауында терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген.

Отандық шикізат пен компоненттерді пайдалануға, іргелес өндірістердің айналасына жол ашуға ерекше назар аударылатыны баяндалды.

Өңдеу өнеркәсібі департаментінің директоры Асқар Алматтың пікірінше, аталған шараларды іске асыру қайта өңдеудің жоғары дәрежесі бар салалық кластерлерді дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл отандық өндірушілерді локализацияны арттыру бойынша жұмыс істеуге ынталандырады.

Балдық жүйені енгізумен және нақты санаттаумен тауарлардың ел ішіндегі құндылығының үлесін есептеудің әділ әдіснамасы негізгі аспект болуы тиіс. Ұпайлар жергілікті шикізат пен компоненттерді пайдаланғаны, технологиялық операциялардың деңгейі, сондай-ақ еңбекақы қорына қосқан үлесі және салық аударымдары үшін берілуі қажет.

Сонымен қатар Асқар Алмат дамудың стратегиялық басымдықтары айқындалған салалық бағдарламалардың әрбір бағыты бойынша әзірленуі қажет деп санайды. Бұл басымдықтар отандық тауар өндірушілерге де, мемлекеттік органдарға да мемлекеттік жоспарлаудың тиімді жүйесін және мемлекеттік қолдаудың мақсатты шараларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

«Атамекен» ҰКП-на жүгінетін өндірушілердің негізгі мәселелерінде өнімді өткізу, қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, салық және кедендік рәсімдерді қоса алғанда, заңнаманың болжамдылығы мен тұрақтылығы мәселелерін атап өтуге болады.

Экономиканың дәстүрлі секторларына назар аударылғанына қарамастан, өнеркәсіп, энергетика және құрылыс сияқты салаларда білікті кадрлардың тапшылығына тап болатынымызды айта кеткен жөн. Техникалық мамандықтарға баса назар аудара отырып, 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялау мәселені шешудің маңыздылығын көрсетеді.

Президент әділ экономика мен қоғамның жан-жақты дамуы үшін іргетас болып табылатын тұрақты институттар мен болжамды инвестициялық ортаны құруға баса назар аударуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер