«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Семейдегі заңсыз құрылыстарға қарсы шаралар бойынша МСҚБ басқармасымен кездесу

2024 жылғы 03 Қыркүйек
- Абай облысы
4760 просмотров

Абай облысының Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Абай облысының құрылыс салушылары мен Құрылысшылар одағының «Абай облысының бақылау басқармасы (МСҚБ, еңбек инспекциясы)» мемлекеттік мекемесінің өкілдерімен және басқа да мемлекеттік органдармен кездесуі өтті, құрылыс мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 68-бабында құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптар нақты көрсетілген. Бастапқы рұқсаттарды алу тәртібі № 750 Құрылыс саласындағы әзірлеуді ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерін өту ережесінде де сипатталған», - деп түсіндірді «Абай облысының бақылау басқармасы (МСҚБ, еңбек инспекциясы)» мемлекеттік мекемесінің басшысы Шыңғыс Аманжолов.

Сондай-ақ сапасыз сараптамалық қорытындылар Сараптамалық ұйымдар палатасына жіберілетіні, оның қорытындысы бойынша ұйымды аккредиттеуден айыруға дейін жойылуы мүмкін екендігі айтылды.

«Қазіргі жағдай бізде жобалау ұйымының өте әлсіз екенін көрсетеді. Сарапшылар мен сәулетшілер деңгейін көтеру үшін үлкен қалалардан мықты мамандарды тартып семинар-тренингтер өткізу қажет», - дейді Шыңғыс Аманжолов.

Тағы бір ерекше назар ауыдарылған тақырып – «Үлестік құрылыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес үлескерлердің қаражатын тарту, сондай-ақ құрылыс салушылардың тарабынан бұзушылықтар байқалған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту жайлы.

«Құрылыс саласындағы негізгі проблемалар құрылыс салушылардың өздері жіберген заң бұзушылықтар болып табылады. Бұл әдеттің қайдан пайда болғаны белгілі, облыс құрылғанына дейін жобасыз немесе мемлекеттік сараптамадан өтпеген құрылыстар басталып, бір жылдан кейін құрылысты аяқтаған соң, бұл мәселелер анықтала бастады. Әрине, бұл мәселеде кәсіпкерлерге көмектесу өте қиын, өйткені олар бастапқыда, іргетас шұңқырында заң талаптарын бұзған. Дегенмен бүгінгі дөңгелек үстел нәтижелі болды. Белгілі бір проблемалық нысандарды бұзбай, заңдастыруға мүмкіндік бар екені айқындалды. Олардың көпшілігі өте сапалы және әдемі. Әрине, қауіпсіздік ережелеріне сай келмейтін, пайдаланылған материалдардан құрылған нысандардың мәсесін шешу жайлы айту қиын», – дейді Абай облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Мақсат Сүйчинов.

Палата директорының айтуынша, МСҚБ, сәулет және мемлекеттік сараптама басқармаларының өкілдерінің қатысуымен мұндай түсіндіру кездесулерін тұрақты негізде өткізу жоспарлануда.

«Сонымен қатар, қазір заңнамаға жаңа жедел әрекет шаралары енгізілуде, ол арқылы МСҚБ құрылысты 60 күнге дейін тоқтатуға құқылы. Мұның қандай жағымсыз салдарға әкелетінін бәрі түсінеді. Сондықтан қыркүйек айының басында Кәсіпкерлер палатасының алаңында құрылыс салушылардың түйткілді мәселелерін түсіндіру, құрылысты заңды қалай бастау керектігін және бұзушылықтарға қарсы қандай айыппұлдар қарастырылатынын кезең-кезеңімен сипаттайтын жадынама әзірлеу жайлы тиісті брифинг өткізуге келістік. Бүгінгі құрылыс мәдениетіміз өз деңгейінде емес, МСҚБ басқармасын жазалаушы ұйым санамай, сенімді қарым-қатынас орнатып, ақпарат алмасу керек», – деп түсіндірді Мақсат Сүйчинов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер