«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҰКП мен Жоғарғы сот арасында тұрақты диалог орнатылды

2024 жылғы 29 Тамыз
9548 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы Райымбек Баталов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Мерғалиевпен сот жүйесін жетілдіру мәселесін талқылады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Жоғарғы Сот өзара байланыс орнатып, әрдайым тұрақты диалогты қолдайды.

Тұрақты консультациялар мен талқылаулар туындайтын сын-қатерлерге жедел ден қоюға және заңнама талаптары мен кәсіпкерлердің қажеттіліктері арасындағы тепе-теңдікті табуға мүмкіндік беретін әріптестік қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.

Кезекті жұмыс кездесуінде дәстүрлі түрде кең ауқымды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда,  бизнеске қысымды азайту, жер учаскелері бойынша әкімдіктердің шешімдерін жер инспекцияларының жоюы, судьяларға қысым жасау құралдарын алып тастау және басқа да мәселелер.

Бүкіл кәсіпкерлік қауымдастық үшін сот жүйесін жаңарту өте маңызды болып келеді, ал бизнес осы өзгерістерге белсене қатысады. Бизнес мүдделерін есепке алу мақсатында «Атамекен» платформасында ғалымдар мен адвокаттық және заң салаларының өкілдерін қамтитын жұмыс тобы құрылды.

Палата кәсіпкерлерге қатысты шектеу шараларының теріс әсеріне қатысты айтарлықтай алаңдаушылық білдіреді. Қамауға алу бизнестің жұмысын бұзып қана қоймай, қаржылық шығындарға, инвесторлардың сенімінің төмендеуіне және кәсіпорындардың жабылуына әкеледі.

Талқылау барысында Райымбек Баталов сот талқылауы жүргізіліп жатқандарды электронды білезіктер арқылы қадағалау тәжірибесін жиірек қолдануды ұсынды. Осылайша, кәсіпорындар үшін залал азаяды әрі олардың қызметкерлері жұмыс орындарын сақтай алады.

Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев бизнес-қауымдастық өкіліне электронды бақылау білезіктерін сатып алу бойынша бірлескен жұмысты ұйымдастыруды ұсынды.

Сондай-ақ осы жылдың шілде айында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңды талқылады. Оған сәйкес, 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап, Астанада қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш жаңа дербес кассациялық сот құрылады. Бұл соттар кассациялық сот сатысы ретінде әрекет етіп, өтініштерді алдын-ала қараудың бұрын болған тәртібін алып тастауға мүмкіндік береді. Төменгі инстанциялардың барлық сот актілерін Жоғарғы Соттың қайта қарауына мүмкіндігі болмады және істердің көпшілігі кассациялық қарауға дейін жетпейтін.

Райымбек Баталов қылмыстық және азаматтық істер бойынша кассациялық өтініштерді алдын-ала қарауды болдырмайтын мемлекеттік органдармен бірлескен сот құру бастамасы бизнес-қауымдастық пен жалпы азаматтар үшін сот процестерінің қолжетімділігі мен әділдігін айтарлықтай арттырады деген пікір білдірді.

Кассациялық сатының облыстардан аумақтық бөлінуі жергілікті элиталардың сот шешімдеріне әсерін төмендететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды құралға айналады. Бұл өз кезегінде азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін арттырып, кәсіпкерлерді қорғаудың құқықтық негізін нығайтады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер