«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес өкілдеріне кедендік шекарасындағы көліктік бақылау функцияларын жүзеге асырылуы  түсіндірілді

2024 жылғы 28 Тамыз
- Түркістан облысы
2996 просмотров

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль, теңіз өткізу пункттерінде және тауарларды өткізудің өзге де орындарында көліктік бақылау функцияларын мемлекеттік бақылау органдарының жүзеге асыруы мәселелерін түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.

Семинар-кеңеске Түркістан облысының Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері, өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері және кәсіпкерлердің  қатысуымен өткен басқосуға Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұрбол Рысбеков, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Нұрсұлтан Кәрімбаев қатысты.

Спикер ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаменті Өткізу пункттерін үйлестіру басқармасының бас сарапшысы Әлжанов  Мұратбек Сайлауұлы,  қатысушыларға  автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылаудың мәні мен мақсаттарын түсіндірді.

Әсіресе,  жеке және заңды тұлғалардың автомобиль көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуы, Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етуді қамтитын көліктік бақылаудың  жүргізудегі негізгі  мақсаты жөнінде баяндама жасады.

Баяндама соңында  қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, сұрақтарға заң шеңберінде  жауап берілді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер